Жастарды кәсіпкерлікке ынталандырды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 04:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастарды кәсіпкерлікке ынталандырды

26 Сентября 2017 (19:11) | 1993 | Автор: Нурганым Имашева

 

 «Безбен» қоғамдық қоры Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының 2017 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындау барысында  «Өңірде жастар кәсіпкерлігін қолдауға және қаржы сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

«Безбен» қоғамдық қорының директоры Дина Баданова:

-Біздің қоғамдық ұйым Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері Басқармасы және  қаржы ұйымдарынын қолдауымен Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, Тұпқараған, Қарақия,Мұнайлы Маңғыстау аудандарында жастар үшін «Арманға қадам - сіздің бизнес старт-ап»  тақырыбында семинар-тренингтер өткізді.

Жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруды басты мақсат еткен бұл семинарлардың бірінші кезеңі маусым-шілде айларында ұйымдастырылған болса, екінші кезеңдегі семинарларымызды қазан айында өткізуді жоспарлап отырмыз.

Жалпы, жастарды өз ісін ашып, оны қаржылық жағынан сауатты жүргізуге, кәсіпкерліктің қыр-сырына үйретуге бағытталған семинар-тренингтермен аймақтың 200-ден астам жастары қамтылды,- деп мәлімдеді.

Қор директорының айтуынша, «Тренинг барысында кәсіпкерлерлік, бизнес-жоспарлау негіздемелерін, қаржылық, бизнес жүргізу кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қалай пайдалану керектігі  түсіндіріліп, жастарға заманауи әдістер мен таныстыру технологияларын қалай қолдану керектігі ескертілді.

Жастарға кәсіпкерлік негіздерін үйрету семинарында тәжірибелі тренер Әсима Сұлтанова дәріс берді. Семинар барысында аймақтық ынтымақтастықты,  «жасыл экономика» мен қолөнерді дамыту перспективаларына   ерекше назар аударылды».

            Семинар-тренингтерге қатысқан жастар олардан алған білімдерінің пайдасы зор екенін айтып, өз әсерлерімен бөлісті. 

            Түпқараған ауданының тұрғыны, Ринат Темірханов есімді жас: 

-Кәсіпкерлік негіздеріне үйреткен жастарға арналған семинарға қуана қатыстым. Аталмыш семинардың бізге бергені мол болды. Бәрін үйретті кәсіпті ашып, оны сауатты жүргізу әдістеріне. Осы үйренгенімді өз кәсібімді ашу кезінде тәжірибемде пайдаланам деп ойлаймын,- деген пікірін білдірді.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Елемесов Руслан да:

-Біздей жастар үшін бизнес-тренингтер ұйымдастырғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Өте пайдалы білім алып, кәсіпкерлікті дұрыс бастаудың жолдарын үйрендік. Заманауи әдістер мен технологияларды қалай қолдану керектігінің сырына қанықтық. Осы алған біліміміз бизнесті жүргізу барысында бізге пайдасын тигізері анық,- деді.

Семинар-тренингтер өткен аудан-қалалардың жастары өздері үшін жасалған мүмкіншілікті мүлт жібермей, кәсіпкерлікпен айналысуға зор ықылас танытты.

-Мен өз ойымдағы жоспарларымды жүзеге асыруды ойлап жүрген болатынмын. Өзімнің базарымды ашып, кәсіппен айналыссам деген ойым болатын. Енді міне, мынадай семинар-тренингке қатысу арқылы кәсіпкерлікті жүргізудің қыр-сырына қанығып, өзіме пайдалы мол ақпарат алдым. Рахмет, сіздерге! Келесі жолы да осындай оқытулар болған кезде қуана-қуана қатысатын боламын, - деген Түпқараған ауданының болашақ кәсіпкері Ізтұрғанов Ғазиз семинарды ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему