Жастарды «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстырды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастарды «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстырды

25 Сентября 2017 (19:49) | 2056 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгін 25 қыркүйекте Ақтаудағы  «Жастар үйінде» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  жастарға арнап  «Болашаққа бағдар бүгіннен басталады» атты  баспасөз-конференциясын өткізді.

Шараға Орталықтың вице-президенті Мейіржан Алпысбай, пиар-маркетингтің басшысы Жаннетта Абильдина және Орталық қызметкері Бақдәурен Сабитов пен  «Болашақ» бағдарламасының түлектері – Абзал Темірбаев, Ләззат Шонова, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің қызметкерлері және студенттер қатысты.

Кездесу барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері шараға жиылған жастарға «Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімдері, «магистратура», «докторантура» және «резидентура» бағдарламаларына оқуға түсу ережелері, сонымен қатар, білім саласындағы үкіметаралық келісімшарттар негізінде оқыту бағдарламалары жайлы мол мағұлматтар берді.

Шарада жастарды «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстырған Орталық қызметкері Бақдәурен Сабитов:

-Біздің Маңғыстауға келген сапарымыздың мақсаты – Маңғыстау жастарын «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуға тарту, осы аймақ жастарын халықаралық стандарттарға сай маман болуға ынталандыру. Осы орайда «Болашақ» бағдарламасы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  - ның қызметі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Қазіргі таңда  23 жыл аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде 12 271 студент білім алды. Бүгінгі күні 1234 студент оқып жатыр. Осы күнге дейін 9854 түлек «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім көкжиегін бағындырды.

Бағдарлама мүмкіндігін пайдаланудың аймақтар бойынша санына тоқталар болсақ, Астана қаласында ол 42%-ды, Алматыда 35%-ды, ал өңірлер бойынша бар болғаны 23%-ды құрап отыр.

Бұл бағдарлама мемлекетіміздің жастарға шетелде білім алып, тәжірибе жинақтап, Қазақстан елінің өсіп-өркендеуі жолында өз үлестерін қосуына мүмкіндіктер беруге арналған.

Тағы бір айта кететін жайт – Қазақстан Республикасы шетелдік мемлекеттермен бірлесе отырып, еліміздің жастарына үкіметаралық келісімшарттар негізінде оқыту бағдарламаларын ұсынуда, яғни қазақстандықтарды шет мемлекеттердің қаржысына оқыту мүмкіндігін де ұсынып отыр. Ол бағдарлама бойынша мамандарға «Болашақ» бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар қойылмайды.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып келген жастардың 99%-ы қазір алған мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылған деуге болады,- деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасының түлектері тәжірбиелерімен бөлісіп,  шетелдегі өмір, оқу ерекшеліктері туралы айтып берді.

         Ұлыбританияның Шоффилд университетін бітірген Ақтау қаласының тұрғыны Абзал Темірбаев:

         -«Болашақ» бағдарламасы бойынша менің оқуды бітіріп келгеніме 20 шақты күн болды. 2014 жылы степендиант атандым. Коммерциялық және корпорациялық басқару маамандығын иелендім.

Біздің ел мен Ұлыбритания еліндегі білім берудің ерекшеліктерін салыстырар болсақ, әрине, біздің дамушы ел ретінде олардан үйренеріміз өте көп. Заңгер мамандығына Қазақстаннан 5 үміткер оқысақ, 15 адам саясаттанушы мамандығына оқыды

Келешекте «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ниет танытқан Маңғыстау жастарына – бұл бізге мемлекет тарапынан беріліп отырған үлкен мүмкіндік, ешнәрседен жүрексінбеңіздер, тілді үйренудің де ешбір қиындығы жоқ. Жақсы білім алып, биік шыңдарды бағындыруға ұмтылу қажет,- дейдіөз пікірімен бөлісе отырып.  

Баспасөз-конференциясы барысында жастар «Болашақ» бағдарламасына қатысты өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оларға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілдері тарапынан тұшымды жауаптар алды.

Жастарға арналған осынау танымдық шараны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Маңғыстау облысының Білім басқармасы, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы және Ақтау қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему