«Маңғыстау облысы туристік ұйымдарының одағы» қауымдастығы шақырады!
Курс валют в Актау
на 14/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
14 Мая, 11:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Маңғыстау облысы туристік ұйымдарының одағы» қауымдастығы шақырады!

20 Сентября 2017 (17:01) | 1923 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Биылғы жылдың сәуір айында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасының (ӨКП) мұрындық болуымен «Маңғыстау облысы туристік ұйымдарының Одағы» Қауымдастығы құрылған болатын.

Сол уақыттан бері Қауымдастықтың құрамына облыстағы бірнеше мейрамхана, қонақ үй кешендері мен туристік компаниялардың меншік иелері мүше болып енді.

Тамыз айында «Атамекен» ӨКП ұйымдастыруымен Қауымдастыққа мүше субъектілерінің алғашқы бас қосу жиыны өткені туралы ақпарат таратқан едік.

Енді осы орайда «Аталған Қауымдастықты құрудағы мақсат не? Оның қызметі қандай болмақ? Алдағы уақытта нендей шараларды жүзеге асырмақ? Мүшелікке енген бизнес субъектілері не ұтады?» деген сұрақтардың жауабын тарқатып көрейік.

Жалпы, туризмнен бастайықшы:

Туризм - көптеген елдерде ел экономикасының -15, кей жерлерде - 20 пайызға дейінгі үлесін алып отырған алдыңғы қатарлы бизнес саласына жатады. Басқаша айтқанда, ел қазынасының біраз бөлігі туристік қызмет түрлерінен түскен салық және басқа да алымдар есебінен тұрады.

Демек, кейбір мемлекеттер үшін туризм - экономиканың басты драйвері. Әрине мұндай жетістікке жетіп отырған мемлекеттердің басты құпиясы - олардың көпшілігі адам демалысына барынша қолайлы, экваторлық, яки тропикалық климатқа жататындығы, сол себепті жыл он екі ай туристер легінің үзілмеуінен деп түсіндіре салуға болады.

Бірақ, туризм саласында алдыңғы қатарлы мемлекеттердің барлығында бірдей климат жыл бойына мамыражай күйде сақталады деп айта алмаймыз.

Бұл жәйт әсіресе «кәрі құрлықтың» көптеген мемлекеттеріне тән. Десек те олар тарихи орындарына жасалатын саяхаттар мен көрсетілетін сервис түрлерінің сапалы әрі барынша қолжетімді болуымен-ақ туризм саласында алдыңғы қатарға шығып отыр.

Демек, осыдан-ақ саланың дамуы тек климаттық белдеуге байланып қалмағанын түсінсек болады. Дәл осындай мүмкіндік бізде де жоқ емес, бар!

Бұл деңгейге жету үшін, оны жүзеге асыру тетіктері де сан алуан.

Кейбіріне жеке тоқталып өтейік:

1) Жазғы маусымда (4 айға дейінгі мерзімде) Каспий теңізіне келетін демалушылар санын (алдымен ішкі туристер есебінен) көрсетілетін сервис түрлерінің алуандығы, сапасының жоғары, ал бағаларының төмен болуы есебінен арттыру.

Ол үшін:

• көрсетілетін сервис сапасына талапты күшейтіп, жоғарылату (жағажай бизнесіне ұтымды жеңілдіктерді енгізіп, бәсекелестікті арттыру есебінен),

• су спортының бірнеше түрлерін жолға қою (серфинг, парасейлинг, виндерсерфинг, катамаран (жақында ашылған болатын, бағасы қол жетімді) және яхтамен серуендеу, т.б.

• жаз кезінде жағажайларда халық жаппай тамашалайтын қызықты фестивальдар мен шаралар, заманауи жәрмеңкелер өткізу,

• бағаның қолжетімді болуын қамтамасыз ету 2) Теңізге түсу маусымы кезінде және аяқталған сәттен бастап ішкі туризмнің «аспан асты мұражайларына саяхаттау» бағытын іске қосу есебенін арттыру. Ол үшін:

• таңдалып алынған тарихи мекендердің инфрақұрылымын жоғары сапада жасақта,

• инвестиция тарту есебінен сервис түрлерін көбейтіп, сапасын арттыру,

• орталықтанған жүйені қалыптастыру (портал, анықтама, call орталық), • PR (облыстағы тарихи орындар мен қызмет түрлерін республикалық және халықаралық деңгейде таныту).

Осы және өзге де тетіктерді тауып, оларды бірігіп жүзеге асыру арқылы, Маңғыстау облысының туристік потенциалын ұлғайту. Халықаралық деңгейдегі білікті мамандардың тәжірибесімен бөлісу.

-Осы салада еңбек етуші кәсіп иелерін бір орталыққа шоғырландырып, барлық мәселелер мен сұрақтарды, оны шешу әдістерін кәсіби түрде талқылау. «Маңғыстау облысының туристік ұйымдарының Одағы» Қауымдастығының құрылу мақсаты мен қызметі де осы еді.

Қазірдің өзінде Маңғыстау облысында туризм саласын дамыту мақсатымен жалпы құны 900 миллион теңге болатын 12 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Бүгінге дейін қауымдастық 34 отандық және шет мемлекеттердің туроператорларымен ынтымақтастық жөнінде келісімге келіп үлгерді. Бұл бірігіп атқарылар үлкен әрі күрделі істің басы ғана. Сіз де туристік бизнестің қатысушысы болсаңыз, егер осы саланың дамуына деген өз көзқарасыңыз болып, ұсыныс-пікіріңізді білдіріп, ағымдағы мәселелеріңіздің шешу жолдарын бірге талқылағыңыз келсе, «Маңғыстау облысы туристік ұйымдарының Одағы» Қауымдастығының мүшесі атануыңызға мүмкіндік туып отыр.

Салаға қатысты кез келген сұрақ, яки мәселеңізбен Маңғыстау облыстық «Атамекен» ӨКП кеңесіне жүгінсеңіз болады, - делінген «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметінен жолданған ақпаратта .

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему