Партиялықтар оқу орталығының жұмысымен танысты
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 18:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Партиялықтар оқу орталығының жұмысымен танысты

19 Сентября 2017 (19:04) | 2155 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

«Нұр Отан» партиясы Түпқараған аудандық филиалының қызметкерлері «Отан» кәсіптік-техникалық оқу орталығының жұмысымен танысты. Кездесуде әр түрлі санаттағы аудан азаматтарына оқудың қолжетімділігі туралы айтылды.

-Орталық жыл басынан бері 50-ден астам адамға жол қозғалысы ережелерін оқытып, көлік жүргізуді үйретті. Қазір тағы да 17 адам оқуға тілек білдірді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың да көлік жүргізуге құқы бар. Бірақ менің тәжірибемде мүгедек адамдардан өтініш түскен жоқ. Егер оқимын деген мүгедек жандар болса хабарласуына болады. Олардың денсаулықтары талапқа сай келсе оқытуға дайынбыз, - деді орталықтың аға нұсқаушысы Аралбай Демеуов.

Жол қозғалысы ережелерін, заңнамалардағы өзгерістер мен толықтыруларды үйрету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Аралбай Демеуов орталықтың жеке ғимараты жоқ болғандықтан жалдауға тура келетіндігін, қаладағы бос тұрған жайлардың бірін берсе жақсы болар еді деген тілегін айтты. Сонымен қатар, көлік жүргізуді үйретудің компьютерлік бағдарламасы жоқ. Тек плакат түріндегі көрнекі құралдарды пайдаланады.

Аға нұсқаушысы Аралбай Демеуов орталықтың қарамағындағы автокөлікпен аудан тұрғындарына жүргізушіліктің қыр-сырын үйретіп келеді. Оған оқу ақысын жеңілдетуді сұрап келетін адамдар да кездеседі. Сондықтан да орталықтың аға нұсқаушысы мүжәлсіз отбасыларға көмектесуді азаматтық парызым деп санайды.

«Нұр Отан» партиясы Түпқараған аудандық филиалы алдағы уақытта «Отан» кәсіптік-техникалық оқу орталығымен бірлікте «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жұмыстар жүргізуге уағдаласты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему