Ақтауда Каспий жағалауы елдері жастарының xалықаралық форумы басталды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 23:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Каспий жағалауы елдері жастарының xалықаралық форумы басталды

19 Сентября 2017 (10:50) | 1893 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі (облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы) және Алматы Менеджмент Университетінің бастамасымен 18 қыркүйекте Ақтау қаласында Каспий жағалауы елдері жастарының xалықаралық форумы  бастау алды.

 

 

Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевтың 2 сәуірде Əзербайжан Республикасына барған жұмыс сапары барысында Үкіметке Қазақстан-Әзірбайжан мемлекеттері жастарының форумын өткізу туралы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған ауқымды шара 18-23 қыркүйек аралығында өтеді.

 

Форумға  Каспий жағалауы елдерінің (Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Әзербайжан және Иран Ислам Республикасы) өкілдері, еліміздің әр аймағынан келген танымал саясаттанушылары мен қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар одақтары мен бірлестіктерінің жетекшілері, ІТ технологиясын дамыту саласының жас мамандары, ЖОО-ның жастар бірлестіктерінің және мәдениет пен спорт саласының өкілдері,  облыстардағы жастар ресурстық орталықтарының директорлары, жас кәсіпкерлер, саясаткерлер,  әлеуметтанушылар және блогерлер – барлығы 150 жас қатысатын болады.

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған форумның мақсаты - жастар мен көшбасшылар арасында xалықаралық пікіралмасу алаңын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүр ұстанымдарымызды, яғни руxани құндылықтарымызды насиxаттау, xалықаралық тәжірибеде жүзеге асқан озық үлгілерді ортаға салу, іске асыру, жастар саясаты саласын дамытудың жаңа модельдерін ұсыну болып табылады.

 

 

Облыс орталығынан 45 км жерде, теңіз жағалауында орналасқан «Балдәурен» лагерінде 18 қыркүйектің кешінде форумның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мерекелік шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақов, Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Гүлмира Қорғанбаева, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Басқармасының Төрағасы Нұрлан Өтешов, «Білім-инновация» Халықаралық қорының президенті Дархан Өте Мырза және т.б. танымал сарапшылар мен бизнес-тренерлер  қатысты.

 

Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат  Сқақов, жастарға өз елін, туған жерін сүю, ана тілінің қадір-қасиетін білу, құрметтеу, әрбір жастың қазақ елінің гүлденуі жолында қосатын үлесі, жалынды жастардың бойында елжандылық, ұлтжандылық рухтың мықты болуы, жігерлерінің жанып тұруы, өршіл намыстың отының лаулап тұруының маңызына тоқталды.

 

Мақсат Нұрлыбекұлының жалынды сөздерінен рухтанған жастар  қошеметпен қол соғып, жігерлене түсті, өздеріне қарата айтылған орамды ойлар мен салиқалы сөздерді ынтамен қабылдады. Еліміздің түпкір-түпкірінен жиылған жас өрендер жастар саясатына қатысты өздерін толғандырған ойларын ортаға салып, аймақ басшысының орынбасарына өз ұсыныстарын білдірді.

 

Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының директоры Құрмансейіт Ақжол Ахатұлы:

-Бұл халықаралық жастар форумының Маңғыстау өңірінде өткізілуінің өзінің саяси бағдары, үлкен мәні бар, себебі Маңғыстау өлкесі - рухани жаңғырудың негізі іспетті деп айтуға болады, өйткені, Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі жүзеге асырушылары - жастар. Елбасы өзінің барлық Жолдауларында, бағдарламалық мақалаларында үнемі «Біздің болашағымыз - жастар» деп айтып отырады. Сондықтан да жастарымыздың жігерін, ынтасын, білімін, елміздің даму жолында пайдаланып отыру негізгі ұстанымдарымызға айналуы тиіс деп санаймын.

 

Бүгінгі форумға танымал бизнес-тренерлердің екеліп қатысуы, бизнес саласы болсын, блогерлерге арналған болсын, ақпарат толқыны  саласы болсын, жастар өздерінің идеяларын, біліктіліктерін, жобаларын ортаға салып, үлкен бір нәтижесін береді деген сенімдемін. Осындай форумға біздерді шақырып, жастардың басын қосып отырған Маңғыстау облысының әкімдігіне зор алғысымызды білдіреміз. Жастар саясаты Батыс өңірде де үлкен серпінмен жүзеге асырылуда. Соның бір дәлелі осы 1 аптаға созылатын жастар форумын ұйымдастыру. Бір апта бойына әртүрлі форматтағы іс-шараларды бір арнаға тоғыстырып, өткізу, бұл – осалдың қолынан келетін шаруа емес.

 

Сондықтан біз – жастар өз бойларындағы білімдерін, біліктіліктерін бес күн бойы сарқып,  ортаға салады деген сенімдемін, - деген ой-пікірімен бөлісті.

 

Сондай-ақ бір аптаға созылатын форум аясында коуч - сессия ұйымдастырылып, «Инновация толқыны», «Көшбасшылық толқыны», «Руханият толқыны», «Цифрлық буын толқыны» топтарының, «Кәсіпкерлік толқыны», «Бес ел толқыны» тобында бизнес-коучтерді өткізу, «Қазақстан мен Әзірбайжан  жастарының  ынтымақтастық күні», екі елдің жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою  жоспарланған.

 

Сонымен қатар, Республикалық ақындар мүшәйрасы, «Жайдарман»  әзілкештер мен тапқырлар клубы  өнері ( Маңғыстау облысы әкімінің Кубогы),"Отпантау" тариxи-мәдени кешені, Шерқала тарихи-мәдени нысанына  тур өтеді.

 

"Балдәурен" лагерінде екі күндік ашық түрдегі сессия  «Жастар өмірінің дизайны» және  «Жаңа көшбасшылардың кейстері» оқыту семинары, қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Gakku дауысы" жобасы, Маңғыстау облысы Әкімінің кубогына панкратион бойынша «Ұлы дала қаһармандары» халықаралық турнирі, маңғаз Маңғыстауды суреттейтін "Арт Фестиваль", баскетбол, воркаут, брейк -данстан жарыс және «2GIS» жобасының автокөлік ұтысын ойнату бағдарламасын өткізілу жоспарланып отыр.

 

  • Win-win-win: қоғам игілігіне бағытталған серіктестік, синергия, қоғамға қызмет ету;
  • Мән-мағыналы көшбасшылық: еліктіру, жастарды шабыттандыру;
  • Уақытты және өзгерістерді басқару: аймақтарда, республикалық деңгейде жастарды басқару жүйесі;
  • Жастар өмірінің дизайны: қуат, жеке бастың белсенділігі, көшбасшылық;
  • Кәсіпкерлік ДНК: ауқымды және  креативті ойлау, келешекті және  инновацияларды болжау;
  • Ашықтық мәдениеті: жастардың құндылықтарын және мүдделерін айқындау - жобалық топтардың тақырыптары қарастырылған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему