Отбасы күнін атап өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Отбасы күнін атап өтті

17 Сентября 2017 (19:33) | 1863 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Отбасы - әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі.

 Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ең басты іс-әрекеттердің бірі болып табылады

Отбасы бала үшін  - өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды.

Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек.

Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады.

 Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады.

Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде  Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шахмат турнирін ұйымдастырды. Шахмат турнирі Ақтау қаласының 3 шағын аудан МКҚК «Оқушы орталығында» өткізілді. Мерекелік іс шараға 4,5,6 сынып оқушылары қатысты.

Балғындардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, есептеуге, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйрету, ой өрісін дамыту, жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұлттық спорт түрінің бірі тоғызқұмалақты игерту, ұлттық құндылықты құрметтеу сезімін тудыру мақстында ұйымдастырылған бұл турнирге  балалар өте қызығушылықпен қатысты.

Жарыс  соңында 3 жүлдегер анықталды. Бірінші орынды  - Гайнуллин Закир алды, екінші орынға  - Мұңал Ален лайық деп танылылып,  ал үшінші орын -  Буркалцев Александрға бұйырды.

Барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді. Мерекелік іс шара балаларға жақсы көңіл күй мен интеллектуалдық білім алу мүмкіндігін сыйлады.

 

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Гүлбарам Ордабаева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему