Маңғыстауда шағын кәсіпкерлік жанданады
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 02:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда шағын кәсіпкерлік жанданады

29 Августа 2017 (13:31) | 2274 | Автор: Нурганым Имашева

«Бастау Бизнес» жобасы арқылы білім алғандар қаржыландыруға қол жеткізді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырылып отыр.

 

 

Бес жылға жсопарланған жоба ауыл аймақтағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлікке бейімдеу мен қаржылық сауаттылығын ашуға, жеке кәсібін ашуына көмектесуге, жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

 

Биыл «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырылып жатқан еліміздегі 80 ауданның ішінде Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы да бар. Шетпе , Жармыш, Шайыр және тағы да осы ауданға қатысты  аелді мекендердің  тұрғындары білім алып, кәсіп ашудың қыр-сырын меңгеру үстінде. Бүгінде алғашқы 4 лек аяқталып, 5-топқа білім беру басталды.

 

-Осы жылы 6 лек оқыту жоспарланған. Маңғыстау ауданында алғашқы лекте 10-15 адам оқытылса, одан кейінгі лектерде қатысушылар қатары екі есеге артты. Ауылда кәсіп ашып, шаруамды дөңгелетемін деген адамдардың саны артуда, – дейді «Бастау Бизнес» жобасының бизнес-жаттықтырушысы Раушан Бекқожа.

 

Бизнес-жаттықтырушының айтуынша, білім алушылар мал шаруашылығымен айналысуға ден қойған. Арасында ойын-сауық орталығы мен тігін цехын ашудың да бизнес-жоспары дайындалған.

 

Қазір бастапқы екі лекте білім алғандар қатарынан 6 тыңдаушы қаражат алып, шаруаларын бастады. «Бастау Бизнес» жобасы аясында білім алушылар кәсіпті неден бастау керектігін, бизнес жүргізудің тетіктері, қаржыландыру институттары жайлы, нарықты зерттеу тәсілдері мен есеп-қисап жүргізуді үйренеді.

 

Аймақта осы жоба бойынша білім алып, кәсібін жүргізіп отырған кәсіп иелерін таныстыруға арналған арнайы шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему