Кәсіподақ орталығында әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі аймақтық үш жақты комиссияның отырысы өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кәсіподақ орталығында әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі аймақтық үш жақты комиссияның отырысы өтті

21 Августа 2017 (15:01) | 1844 | Автор: Нурганым Имашева

Комиссия отырысында төрағалық еткен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ильмуханбетова жиналғандарға күн тәртібінде қаралатын мәселелер туралы баяндап, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің төрағасының орынбасары Төлеген Қапақұлы Оспанқұловпен таныстырды.

 

 

Аймақтық үш жақты комиссияның отырысына мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар басшылары және кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.

 

Өз сөзінде Маңғыстауға келген сапарының мақсатымен бөліскен Төлеген Қапақұлы 10 маусым күні ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрі Т.Дүйсенова «Зейнетақымен қамту туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы туралы түсіндіру жасағаннан соң қоғамда бұл мәселелер жөнінде талқылаулар жүргізіліп, Министрліктің атына халықтан көп сауалдар түскеніне байланысты министр ел өңірлерінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет деп тапқаны жайлы айтып өтті.

 

Т.Оспанқұлов, «1 шілдеден бастап кәсіпорындар өз қызметкерлері үшін медициналық сақтандыру Қорына жарналар төлеуді бастап кетті. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 143 177 адамның қандай категорияға жататыны анықталмағаны, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, осы санды адам медициналық көмек пен әлеуметтік кепілдіктерге қолы жетпейтінін айтып», алаңдаушылық танытты.

 

-Түрлі базалардағы мәліметтерді анықтау кезінде 9178 адамға жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны анықталды. Облыстағы 568 кәсіпорын зейнетақы аударымдарының көлемін азайтқан, осылардың арасында 18 ірі кәсіпорын бар екені анықталып отыр.

 

Бұл дегеніміз - осы аталған компаниялардың қызметкерлері әлеуметтік, медициналық және зейнетақымен қамту жөнінен қорғалмаған деген сөз. Саны анықталған 9178 адаммен компания арасында ешқандай келісімшарт жасақталмаған, яғни олардың жұмыс берушімен ешқандай еңбек қатынастары жоқ. Заң тілімен айтар болсақ, бұл формальды түрдегі еңбек қатынастары,- деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитеті төрағасының орынбасары.

 

Осыдан соң Маңғыстау облысындаы Еңбек заңнамасының жүзеге асырылу барысы туралы облыстық еңбек басқармасының басшысы А.Інкаров баяндады. Ол өзі басқарып отырған Басқарманың жыл басынан бері тексеру жүргізуі нәтижесінде еңбек заңнамасының бұзылуының 608 фактісі анықталғанын атап өтті. Олар: жалақының уақытылы төленбеуі, жұмысшыларға тиісті жағдайлардың жасалмауы, халықты еңбекпен қамту Басқармасына бос орындар туралы ақпараттың берілмеуі екені туралы мәлімдеді.

 

-Аймақ кәсіпорындарындағы өндірістік жарақат алуға қатысты, 2017 жылдың І жартыжылдығында өнідірісте 19 жазатайым оқиға тіркелген, оларда 19 адам жапа шеккен, солардың 7-уі қаза болған. Олардың көпшілігі жоғарыдан құлаған, ең көп саны – мұнайгаз кәсіпорындарында тіркелген, - деп атап көрсетті облыстық еңбек басқармасының басшысы.

 

Міндетті медициналық сақтандыру жобасының аймақта енгізілуінің барысы туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Оралбаева баяндады.

 

-Біз жұмысты үш бағытта жүргізіп жатырмыз. Бұл, алдымен – халықты тіркеу, оған қосымша кесте жасалып, ағымдағы жылдың 15 сәуірінен 30 маусымға дейін қарқынды жұмыс жүргізудің нәтижесінде біз бүгінгі таңда 636 167 адамды тіркеумен қамтыдық.

 

Екінші бағытта – адамдардың қай категорияға жататынын анықтау жұмысы. Қазіргі таңда біз анықтаған 143177 адамның қай категорияға жататыны белгісіз болып тұр. Облыс тұрғындарының саны - 650511 адамды құраса, оның 181 842-сі (29%)-халықтың белсенді тобы, 468 669-ы (71%) - әлеуметтік жағынан қорғалмаған топ (азаматтардың 14 категориясы).

 

Үшінші, жұмыстың негізгі бағыты – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Бұл бағытта біз баспа өнімдерін көбейтуді жүзеге асырдық - 513 141 дана буклеттер, парақшалар, плакаттарды дайындап тараттық, 101 - видеороликтердің және аудиожарнаманың ротациясын жасадық, 95- РR-акция ұйымдастырдық. – деді Клара Абдугаппарқызы.

 

Аталмыш шараны ұйымдастырудағы көзделген мақсат туралы пікірімен Маңғыстау облыстық Кәсіподақ Орталығының төрағасы бөлісті.

 

-Бүгінгі аймақтық үш жақты комиссияның отырысының облыстық Кәсіподақ Орталығының шаңырағында өтуі – бізге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл үш жақты комиссияның отырысын өткізудегі мақсат – аймақтағы тұрақтылықты сақтау, қандай да бір өзекті мәселелерді осы аймақтық үш жақты комиссияның отырысында қарастыру, мысалы бүгінгі отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелер - міндетті медициналық сақтандыру, еңбек қатынастары, Еңбек Кодексі талаптарының орындалуы.

 

Осы үш жақты комиссия ірі субъектілерді – барлық жұмыс берушілерді, әкімшілікті, кәсіподақты – бәрінің басын біріктіріп отырған бір комиссия деуге болады. Жалпы, бұл отырыста ең өзекті деген мәселелер тек қарасытырылып қана қоймайды, сонымен қатар оларды шешу жолдары талқыланады, өйткені бірігіп шешу арқылы «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, небір түйінді мәселелердің шешімі табылатыны анық. Бірігіп істеген жұмыстың өз нәтижесі болатыны белгілі.

 

Бүгінгі комиссияның отырысына Астанадан келген қонақ - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Қапақұлы Оспанқұлов қатысты. Аймақта ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің күндері өтеді. Сол үлкен шараның бастауы болған бүгінгі аймақтық үш жақты комиссияның отырысының өтуі – бұл біздің шаңырағымызда екінші рет өткізіліп отырған шара, яғни бұл – кәсіподақтарға деген үлкен сенімнің белгісі десе де болғандай,- деді Маңғыстау облыстық Кәсіподақ Орталығының төрағасы Қайрат Құттыбайұлы Жанабеков.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему