Ақтауда облыс кәсіподақтар ұйымы арасында шағын футболдан турнир басталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 16:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда облыс кәсіподақтар ұйымы арасында шағын футболдан турнир басталды

18 Августа 2017 (21:14) | 2196 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгін 18 тамызда облыс орталығының 12 шағынауданында орналасқан «Мұнайшы» стадионында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының Кубогы жүлдесіне арналған облыс кәсіподақтар ұйымы арасында шағын футболдан турнир бастау алды.

ҚР Конституциясы күніне орай өтіп жатқан спорттық бәсекені облыстық Кәсіподақ Орталығымен бірлесе отырып, «Келешек» кәсіподақ жастар қанаты ұйымдастырды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары М.Хажыгереев, облыстық Кәсіподақ Орталығының төрағасы Қ.Жанабеков және аймақтың кәсіподақтар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Жарысқа қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеген Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Мирлан Сақтағанұлы Хажыгереев:

-Құрметті жарысқа қатысушылар, баршаңызды келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын. Бүгінгі өткізіліп отырған шара қоғамда бұқаралық спортты дамытуға арналған шара деп білемін.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының Кубогы үшін өтіп жатқан жарыста баршаңызға сәттілік тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын! – деді.

Жарысқа қатысушы командаларды келе жатқан мерекемен және турнирдің ашылуымен құттықтаған облыстық Кәсіподақ Орталығының төрағасы Қайрат Құттыбайұлы Жанабеков те спортшыларға сәтті ойын, жеңіс тілеп, турнирді ашық деп жариялады.

Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының Кубогы жүлдесіне арналған облыс кәсіподақтар ұйымы арасындағы шағын футбол турниріне 17 команда қатысуда. Олар өңірдегі барлық ірі өндіріс мекемелерінен және облыстық денсаулық сақтау, білім беру және байланыс саласының жұмысшы жастарынан құрылған топтар.

Маңғыстау облыстық Кәсіподақ Орталығының төрағасы Қайрат Жанабековтың мәлімдеуінше, «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының Кубогы жүлдесіне арналған мұндай бәсеке – республика бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарыс. Жалпы, аймақта шағын футбол жақсы қарқынмен дамып келеді. Келер жылы осындай турнирді республикалық деңгейде ұйымдастыру жоспарда бар.

Турнир екі күнге созылмақ. Бүгінгі күні іріктеу жарыстары өтсе, ертең сенбіде – І, ІІ және ІІІ орындар үшін бәсеке болады. Бұл жарыста жеңімпаз атанған командаға (І орынға) - 100 000 теңге, ІІ орынды жеңіп алған командаға -70 мың теңге, ал ІІІ орын үшін – 50 мың теңге жүлде берілетін болады. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» және «Үздік қақпашы» жүлделері тағайындалған».

Айдынов Талғат Хамидоллаұлы, «МаңғыстауМұнайГаз» кәсіподақ ұйымының төрағасы:

-Бүгін міне Ата Заңымыздың мерекесіне орай осындай спорттық жарыс ұйымдастырылып жатыр. Бұған Маңғыстау өңіріндегі бүкіл өндіріс мекемелерінің командалары қатысуда. Мұндағы баршамыздың мақсатымыз бір – жастарды спортқа шақыру, араластыру, бір-бірімен таныстыру, бәрі ауызбіршілікте болып, осы жерде бәрі дос тауып, араласып тұруына жол ашу.

Қазір Маңғыстау өңірінде үлкен-үлкен шаралар көп ұйымдастырылып жатыр. Жуырда Маңғыстау облысы әкімінің Кубогына арналған жарыс болады, біз оған да қатысамыз деп отырмыз.

Осыдан бұрын «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде Облыстық Кәсіподақ Орталығының ұйымдастыруымен өткен волейбол турниріне де қатысқан болатынбыз. Жастар осындай шараларды күтеді. Түсіністік танытып, қолдау көрсетіп, жастарды осындай бәсекелерге қатысуға жіберіп жатқан кәсіпорын басшыларына да рахмет,-деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему