Маңғыстаулық каратэшілер халықаралық жарыстан олжалы оралды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық каратэшілер халықаралық жарыстан олжалы оралды

17 Августа 2017 (17:57) | 2063 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстаулық каратэшілер Түркияның Карабюк қаласында өткен халықаралық жарыстан 5 алтын және 6 күміс медальді еншілеп, еліміздің мәртебесін асқақтатты. Дүбірлі доданың қатысушылары қатарында Қазақстан, Иран, Ирак, Сирия, Румыния, Түркия, Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінің барлығы 400 спортшысы болды. Аталмыш бәсекеде еліміздің намысын 28 каратэші қорғады.

 

Кекушинкай-каратэдан өткен халықаралық жарыста ерлер арасында жерлесіміз 60 келі салмақта Азамат Жұлдызбай, 65 келі салмақта Мақсат Жаумытбаев және 70 келі салмақта Берекет Нұрбаев үздік нәтиже көрсетіп, алтын медальға қол жеткізді.

 

Ерлер арасында 65 келі салмақта Бек Өмірзақ пен 80 келі салмақта Жәнібек Жолдасов күміс медальдің иесі атанды. Жүлделі орындарды иеленген бес спортшы да «Ш. Бөлтекұлы» атындағы спорт мектебінің шәкірттері.

 

-Маңғыстаулық спортшылар мықтылықтарын дәлелдеп, жүлделі орындардан көрініп отыр. Облыс намысын халықаралық жарыста абыроймен қорғап, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Біз өте қуаныштымыз. Шәкіртім Берекет Нұрбаев - төрт қарсыласын да нокаутпен жеңіп, турнирдің «Үздік спортшысы» атанды,-дейді бапкер Мұхтар Жолдасов.

 

Сондай-ақ, ерлер арасында Сабыржан Сәрсенғалиев, Айбек Қоңыр күміс медальға ие болды. Қыздар арасында Қымбат Үсенова мен Сағира Арман алтыннан алқа тағып, жарыс чемпионы атанды. Күміс медаль Аружан Ашимова мен Мадина Булатоваға бұйырды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему