Маңғыстауда жыл басынан бері 13 адам суға батып кеткен
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 07:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда жыл басынан бері 13 адам суға батып кеткен

8 Августа 2017 (17:44) | 2692 | Автор: Нурганым Имашева

Аймақтың төтенше жағдайлар саласының мамандары соңғы күндері суда шомылу кезінде адамдардың суға батып кету фактілерінің жиілеп кеткенін айтып дабыл кағуда.

 

 

Ақтау қаласының ТЖ Басқармасының аға инженері азаматтық қорғау майоры Мадалиева Дана Нұрмаханбетқызының мәлімдеуінше, «Жыл басынан бері облыс бойынша 13 адамның суға кету фактісі тіркелген».

 

Облыс  тұрғындары арасында теңізде шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажетілігі жөнінде мамандармен алдын алу шаралары ұдайы өткізілгенімен,  қайғылы фактілердің орын алуы азаяр емес.

 

-2017 жылдың шілде - тамыз айларында Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен «Жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі бірлесе отырып, Ақтау қаласы «Шора» су каналы аумағында және 1 шағын аудан, «Солдатский пляж» жағажайында, 4 шағын аудан Т.Шевченко ескерткішінің маңындағы теңіз жағалауында демалушылар арасында төтенше жағдайдың алдың алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

 

Қала тұрғындарына бірнеше рет бұл жерлердің қауіпті аймақ екені ескертілсе де, «қауіпті аймақ» деген белгімен көрсетіліп тұрса да, ол жерлерге шомылуға келетін адамдар саны азайған жоқ.

 

Үгіт-насихат жұмыстары барысында жалпы саны 467 тұрғынға нұсқамалар жүргізіліп, судағы қауіпсіздік туралы жадынамалар таратылды,- дейдіАқтау қаласының ТЖ Басқармасының аға инженері азаматтық қорғау майоры Дана Мадалиева.

 

Өңір тұрғындары мен өлке меймандары ТЖ саласының мамандарының ескертулеріне мән беріп, қауіпті аймақта суға шомылуды әдетке айналдырмай, өз өмірі үшін ең алдымен әркім өзі жауапты екенін жадынан шығармаса болғаны.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему