Қылмыстар саны азаюда
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 01:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қылмыстар саны азаюда

31 Июля 2017 (18:19) | 1871 | Автор: Нурганым Имашева

 

Статистикалық мәліметтерге сай, қылмыстық қудалау органдарымен есепті кезеңде 1752 (2016 жылдың 6 айы ішінде - 2518) қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелген, яғни биылғы  6 айда 25,2%-ға азаюы байқалады. Қылмыстар саны  - 32,1%-ға азайған. Бұл туралы өткен аптаның аяғында Ақтау қалалық прокуратурасының 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз мәжілісінде айтылды. Пресс-конференцияға қалалық прокуратураның бөлім басшылары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

 

Жиынды өткізген Ақтау қаласы прокурорының орынбасары әділет кеңесшісі Съездхан Абдуллаевтың мәлімдеуінше, «Қылмыстық процесстің сотқа дейінгі тергеу-тексеруіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау бойынша жұмыстар қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың санын азайтуға бағытталды.

 

Аталған жұмыстар аясында Ақтау қаласының Ішкі істер Басқармасының басшылығы және жеке құрамының, жергілікті полиция қызметінің және жергілікті атқару органдары өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық, шұғыл жиындар өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының «Ұрлықты тоқтату» және «Қылмыстық процессті оңтайландыру», сонымен қатар облыстық прокуратураның «Сапалы тездетілген сотқа дейінгі тергеу» және «Манипуляциясыз статистика» пилоттық жобалары жүзеге асырылуда. Аталмыш іс-шаралар қаладағы қылмыстық ахуалдың біршама түзелуіне ықпал етті, соның салдарынан соңғы 6 ай ішінде қылмыстар санының азаюы байқалуда».

 

-Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының және Маңғыстау облыстық прокуратурасының тапсырма талаптарына сай, Ақтау қалалық прокуратурасының әрбір қызметкері тергеу процессінің қатаң қадағалануына басты назар аударуда. Аса ауар қылмыстық істер бойынша тергеуші мен жедел уәкілдің тергеу істерін қадағалап, нұсқауын беріп, тікелей адамға шара қолданылған уақытта қатысады, бұлтартау шарасын қолданады, істің тергеуі аяқталған соң күдікті деп танылған адамның кінәсі дәлелденсе, процесуалдық прокуророр сот отырысына өзі қатысады. Сол жерде қандай жаза қолданылуы керек екенін өзі шешіп, соттан сол жазаны қолдануды сұрайды. Яғни, қылмыстың тергеу процессін процессуалдық прокурор тікелей өзі қадағалайды. Барлық процессуалдық шаралардың бәріне өзі қатысады, одан әрі айыптау актісін жасақтап, істі өзі сотқа жолдайды және сот отырысына қатысады.

 

Қазіргі таңда біз 114 істі тергеп жатырмыз. Оның 65-і сотқа жолданып, олар бойынша жазалар тағайындалды. Осы күнге дейін 55 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, олардың нәтижесі бойынша 63 тұлға жазаланды.

 

Ақтау қалалық сотының басты сот талқылауында 246 тұлғаға қатысты 207 қылмыстық іс қаралып,  соның ішінен 194 іс бойынша 228 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылды,-деді қала прокурорының орынбасары С.Абдуллаев.

 

 

Оның мәлімдеуінше, «Қоғамдық қорғау саласында Маңғыстау облыстық прокуратурасының   «Ана мен бала денсаулығы», «Құмар ойындарсыз Маңғыстау», «Таза аймақ», «Эмиссия үшін төлеп, бюджетті толтыр» және «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам», сонымен қатар ҚР Бас Прокуратурасының «Алдаусыз үлестік тұрғын үй» жобалары қазіргі таңда жүзеге асырылу үстінде.

 

«Қоғам сенің қорғаның» атты аз қамтылған тұрғындардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған жоба аясында өткен 6 ай ішінде 55 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 2,5 млн. теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіліп, 950 мүгедек адам 46 млн. теңге салық төлеуден босатылды. Он нысанның пандустарының құрылысы аяқталып, 23 көше қиылысында жол жиектері ауыстырылды, қала аумағында мүгедектерге арналған 20 автотұрақ орнатылып, 9 мүгедек адам жұмысқа орналастырылды.

 

«Құмар ойындарсыз Маңғыстау» жобасы аясында 20 тұлға жауапқа тартылып, 2 мыңнан астам ойын автоматтары тәркіленді, 3 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, 4 интернет-сайт соттың шешімімен бұғатталды.

 

54 кәсіпкер ресми түрде тіркеліп, олардың әрқайсы ай сайын жергілікті бюджетке 34 мыңнан аса қаражат төлеуде. Өткен 6 ай  ішінде бюджетке барлығы 95,3 млн. теңге қаржы өндірілді. 50 заңсыз ойын нысандары толықтай жойылды. Үлескерлердің құқығын қорғау мәселесі де басты назарда. Осы уақыт аралығында 71 үлескердің заңды құқы қорғалып, мәселесі толықтай шешілді.

 

«Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы бойынша Ақтау қалалық прокуратурасымен 275 баланың құқығы қорғалды. 15 кәмелетке толмаған жасөспірімнің пайдасына 3,8 млн. теңге көлеміндегі алимент бойынша қарыздар өндірілді».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему