Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 1-ші жарты жылдықты қорытындылады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 1-ші жарты жылдықты қорытындылады

29 Июля 2017 (13:24) | 3054 | Автор: Нурганым Имашева

Табиғат қорғау прокуратурасы 2017 жылдың 6 айында заңдылықты нығайту тәртібі бойынша бірқатар жұмыстар атқарылғаны туралы хабарлады.

 

 

Құзырлы органның баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада:

-Қызметті жоспарлау барысында құқық қорғау және уәкілетті органдардың жұмыстарын күшейту мақсатында аймақта жобаларды іске асыру, экологиялық қылмыстардың алдын алу (браконьерлік), кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға басымдылық берілді..

 

Аталған мерзім аралығында «Таза аймақ», «Эмиссия үшін төле және бюджетті толтыр» және «СТОП-Браконьер» жоблары жүзеге асырылды.

 

«Таза аймақ» жобасын жүзеге асыру барысында 106 сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, 5 000 куб.м.болатын қалдықтар жинақталып, 400-ден аса қоқыс қалдықтарын тастайтын контейнерлер орнатылып, тұрғындар арасында 57 профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

 

Кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қалдықтарды сұрыптап қайта өңдеу үшін Ақтау қаласында 2 цехтің құрылысы басталды. Бұған қоса, кәсіпкермен өз қаражаты есебінен Ақтау қаласының жоғарғы шағын аудандарында тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинайтын пластик, бөтелке қалдықтарына арналған 120 дана торлы контейнер орнатылды, - делінген.

 

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының жауапты қызметкерлерінің мәлімдеуінше, «Эмиссия үшін төле және бюджетті толтыр» жобаcы аясында жеке және заңды тұлғалардың арасында прокуратура органдарымен 12 түсіндіру бағытындағы кездесулер өткізіліп, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу жөнінде парақша таратылды.

 

Нәтижесімен, жергілікті атқарушы органға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға өздігінен 211 кәсіпкер сұраныстарын білдіріп, мемлекет бюджетіне 620 млн. астам теңге қаражат түсті.

 

Сонымен қатар, «СТОП-Браконьер» жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік және құқық қорғау органдармен бірлесіп табиғат пайдаланушылар мен кәсіпкерлердің арасында 15 кездесу ұйымдастырылып, 150 парақша таратылып, 2 бейне ролик түсірілді.

 

Браконьерліктің жолын кесу барысында табиғат қорғау, әскери, көлік прокуратуралары, Ішкі істер Департаментінің Жергілікті полиция қызметінің, ҰҚК-нің Шекара қызметінің Жағалау күзеті өңірлік басқармасы, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық Инспекция қызметкерлері құрамынан тұратын «Жұмыс тобы» құрылды.

 

Жұмыс тобымен аталған бағыттағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 43 экологиялық қылмыс тіркеліп (ҚР ҚК 335-бабымен – 14, 339-бабымен – 29), оның ішінен 27 іс сотқа жолданып, 30 тұлғаға қатысты айыптау шешімдері қабылданып, мемлекетке 23 834 880 теңге зиян келтірілгені анықталды».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему