Түпқарағанда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының бөлімі ашылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқарағанда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының бөлімі ашылды

4 Июля 2014 (04:22) | 4544 | Автор: Редакция

 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ХҚКО» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының Түпқараған аудандық бөлімінде «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының бөлімі ашылды.

 

Бөлімнің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Болат Ерсайынұлы, Форт-Шевченко қаласының әкімі Аманғали Нұрдаулетов және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ Маңғыстау филиалының директоры Бауыржан Өтепбаев қатысты.

 

«Мұндай орталықтар Маңғыстау облысының барлық аудандарынан ашылды. Орталық консультанттары өз ісін жаңадан бастаушыларға тегін кеңес береді.  

 

 

Кәсіпкерлер өз істерін бастау үшін енді ат сабылтып, облыс орталығы Ақтауға бармай-ақ осы бөлімшеден бар шаруасын бітіре алады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы, «Бизнес кеңесші» тағы да басқа бағдарламалар бойынша осындағы екі маманнан кеңес алуға болады.

 

Алдағы уақытта кәсіпкерлер санының артуына аталмыш бөлімнің көп пайдасы тимек. Сол сияқты ауданда жұмыссыздар санының азаюына да бөлімше өз септігін тигізеді.

 

 

 

Жаңадан ашылған бөлімшеде екі маман қызмет етеді. Мұнда өз ісін бастаушылар мен кәсібін кеңейтемін деушілерге жан-жақты жағдай жасалған, яғни толыққанды кеңес беріледі. Өз кәсіптерін ашам деушілер бөлімге келіп қаржылық мәселелер, оқу бағдарламалары бойынша да толық мәлімет ала алады»,-делінген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің таратқан хабаламасында .

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему