Талғат Есекенов халықаралық дәрежедегі төреші атанды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 21:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Талғат Есекенов халықаралық дәрежедегі төреші атанды

27 Июля 2017 (10:55) | 4011 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстаулық белгілі бапкер Талғат Есекенов Бішкекте өткен Азия чемпионатында төреші қызметін абыроймен атқарып, дзюдодан халықаралық дәрежедегі төреші атанды. Жерлесімізге арнайы төсбелгі, сертификат пен дипломды дзюдодан Азия одағының рефери – директоры Такао Кологучи салтанатты түрде табыстады.

 

 

- Дзюдодан халықаралық дәрежедегі төреші атанғаныма өте қуаныштымын. 9-12 шілде аралығында Бішкекте халықаралық дзюдо федерациясында күрестің техникасы бойынша сынақ тапсырып, тесттен өттік. Одан бөлек ағылшын тілін қандай дәрежеде меңгергенімізді білікті мамандар жеке әңгімелесу арқылы тексерді.

 

 

Бішкекте жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында төреші болып, 25 адам қосымша сынақ тапсырдық. Сыннан сүрінбей өткен, жақсы нәтижие көрсеткен сегізімізге жолдама берілді.

 

 

Келесі күні жастар арасында ұйымдастырылған Азия чемпионатында төреші болып жұмыс істедік. Қойылған талаптарды жоғары деңгейде орындағандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді,-дейді «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Жыңғылдыдағы филиалының бапкері Талғат Есекенов.

 

 

Талғат Есекенов спортқа 10 жасында келген. Бірнеше республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған ол 30 жылдан бері бапкерлікпен айналысады. Білікті бапкерден тәлім алған шәкірттері де республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаздар қатарынан көрніп, аймақ абыройын асқақтатып жүр.

 

Отбасында жұбайы Гүлбағым да спорты жанына серік еткен. Ұлдары Қанатбек пен Саятбек спорт шеберіне үміткер, дзюдодан өткен облыстық жарыстардың жүлдегерлері.

 

 

Бүгінгі таңда Талғат Есекенов «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Жыңғылдыдағы филиалында бапкерлік қызмет атқарып, ауыл балаларын спортқа баулып жүр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Жасұлан, 31 Июля 2017 (11:34)
0 0
Брат құтты болсын, Бейнеудің жігіттері шетінен спортик.
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему