Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандарын тұрғын-үй секторында өрт оқиғаларының жиілеп кетуі алаңдатуда
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандарын тұрғын-үй секторында өрт оқиғаларының жиілеп кетуі алаңдатуда

26 Июля 2017 (12:38) | 1689 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Роза Тубекбаеваның мәлімдеуінше, «Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін Ақтау қаласы аумағында 33 өрт оқиғасы тіркелді, соның ішінде 15 өрт оқиғасы тұрғын-үй сектордына орын алған (2016 жылы-27 өрт оқиғасы), салыстырмалы түрде 7 пайызға артып отыр.

 

 

Өрт салдарынан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды. Өрттен келген шығын 125 млн. 318 135 теңгені құрады».

 

 

-Ағымдағы жылдың 22 шілде күні Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік құрамымен Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы тұрғындарына, тұрғын секторлардағы өртті , өрт салдарынан қаза болатын адам шығынын болдырмау мақсатында, сонымен қатар, адам денсаулығына және өміріне төнетін қауіптің алдын алу мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

 

 

Басқарма қызметкерлерімен жалпы саны 92 тұрғынға нұсқама жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратылды.

 

 

Сол күні, қала аумағында, атап айтсақ 5 шағын аудан 32 үйде және 15 шағын аудан 9 үйде өрт болды. Өрттердің шығу себебі, тағы да сол тұрғындардың отты абайсызда пайдалануынан болып отыр. Өрт салдарынан 3 адам жарақат алды.

 

Өртті талдау нәтижелері көрсеткендей, өрттің негізгі шығу себептері – біріншіден, отты абайсыздықпен қолдану; екіншіден, үй жағдайындағы тұрмыстық электр және газ қолдану құрылғыларын пайдаланғанда өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы; үшіншіден, тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуы мен балалардың отпен ойнауынан болған шалалықтар болып табылады.

 

 

Тұрғындар арасында жүргізіліп жатырған үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары оң нәтиже беріп, тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне деген мұқият болуы қадағаланады деген үміттеміз! – дейді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Роза Тубекбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему