Азаматтық процестік кодекстің жаңа өзгерістері туралы Бас прокуратура баяндады
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 16:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Азаматтық процестік кодекстің жаңа өзгерістері туралы Бас прокуратура баяндады

25 Июля 2017 (18:34) | 1534 | Автор: Нурганым Имашева

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

 

 

Заңнамалық түзетулер 25 шілдеден бастап заңды күшіне енеді.

 

Азаматтық істер бойынша шығарылған сот шешімдеріне шағымдану тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

 

Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясындағы 435-бабына сәйкес алдағы уақытта Бас Прокурор іске қатысушылардың өтініштері негізінде кассациялық наразылықты тек қана прокурордың қатысуымен қаралған азаматтық істер бойынша сот актілеріне келтіре алады.

 

Азаматтық процестік кодекстің 54-бабының 2-бөлігінің талабына сәйкес, прокурор тек 3 жағдайда азаматтық іске қатысуға міндетті. Олар, егер сотпен қаралатын дау мемлекеттің, қоғамның және өз-өзін қорғай алмайтын азаматтың мүддесіне қатысты болса.

 

Яғни, Бас прокуратура басқа даулар бойынша заңды күшіне енген сот шешімдеріне кассациялық наразылықты келтіру туралы өтініштерді негізінен қарамайды.

 

Азаматтар мен заңды тұлғалар заңды күшіне енген сот актілеріне дау айту өтінішті тек қана Жоғарғы Сотқа бере алады.

 

Сондай-ақ, ерекше жағдайда сот актілері Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну негізінде де қаралуы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 3-ші қызмет басшысының орынбасары А. Жданова

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему