ЖАС ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 14:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ЖАС ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

25 Июля 2017 (13:51) | 1939 | Автор: Нурганым Имашева

Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" - "Серпін" әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда ұйымдастырушылар алқасы өз жұмыстарын бастады.

 

 

Шілденің 23-31 аралығында оқуға тапсырушы талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталды. Ал оларға грант иелену үшін конкурс тамыздың 10-на дейін жүргізіледі. Оған орта мектепті бітірген түлектер мен кәсіптік білім алған студенттер қатыса алады.

 

Өңірге өткен жылы 5 жоғары оқу орнынан қабылдау комиссиясы келген болса, биыл 20-ға жуық оқу орнының қабылдау мамандары өз жұмыстарын бастап кетті.

 

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» - "Серпін" әлеуметтік жобасын жүзеге асыру бағдарламасы бойынша түлектердің Солтүстік, Шығыс, Батыс өңіріндегі оқу орындарына тапсыруға мүмкіндігі бар.

 

 

Яғни, 24 жоғарғы оқу орыны мен 55 түрлі колледжде оқи алады. Биыл Серпінмен оқуға түсушілерге 3793 грант бөлінген.

 

Педогогика бағытына - 1550 грант, техникалық мамандықтарға - 1898 грант, ауыл шаруашылығы бағытына - 345, ал колледждер үшін - 720 грант берілген.

 

Грант иеленген студентке стипендия, жатақхана және жұмысқа орналастыру міндетті түрде қарастырылған.

 

 

Айта кету керек, құжаттар шілденің жиырма үшінен отыз біріне дейін Ақтау қаласында 32 ш/а, Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің корпус А109 аудиториясында қабылдау жүргізілуде.

 

2017-2018 оқу жылына «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» - "Серпін" әлеуметтік жобасы аясында қатысатын жоғары оқу орындарының тізімі, жалпы жобаға қатысу қағидалары және т.б. сұрақтар бойынша толық ақпаратпен http://bolashak-serpin.kz/ сілтемесі арқылы өтіп таныса аласыздар.

 

Қосымша ақпарат ретінде, ”Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ ”Серпін” Ұлттық жобалар бағдарламасының басшысы Тобатаева Күлзия Қадырқызы және бағдарлама маманы Бақдәурен Ғабитұлымен 87056666673 ұялы телефоны арқылы хабарласып, өздеріңізді тоғандырған кез-келген сауалыңызға жауап ала аласыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему