Маңғыстау өрт сөндірушілері қол күресінен күш сынасты
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау өрт сөндірушілері қол күресінен күш сынасты

23 Июля 2017 (13:44) | 1450 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері арасында жуырда қол күресінен облыстық деңгейдегі жарыс өткізілді.

 

 

-Өрт сөндірушілер өз қызметінде оттан да судан да өтеді. Әрбір құтқарушының басты мақсаты - өзін күнделікті түрде жақсы физикалық формада қалыпты ұстау, ал жарыстар – шыдамдылықты арттырудың үздік әдісі, - деп атап өтті Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ерлан Мауленов.

 

Қол күресі бойынша біріншілікке Маңғыстаудың өрт сөндіру қызметінің нағыз мықты сарбаздары жиналды. Облыс аумағында орналасқан барлық бөлімшелер өз өкілдерін аталған сайысқа жолдады.

 

 

Жарыс 3 салмақты категория бойынша өткізілді: 75 кг дейін, 85 кг дейін және 85 кг жоғары.

 

75 кг дейінгі категорияда бірінші орынды Бақтыбай Сулейманов, екінші орынды – Роман Лостовецкий, үшінші орынды – Мақсат Умербаев иеленді.

 

 

85 кг дейінгі категорияда мықты атанған Сәндібек Абдуллаев болды, екінші нәтиже - Самат Исламовта, ал үшіншісі – Ерлан Дарқанбаевқа бұйырды.

 

85 кг-нан жоғары категориясында жеңімпаз болып Нурсет Турланбаев танылды, екінші орынға - Нұржан Боранбаев көтерілді, Аман Ахаев - ІІІ орынды қанағат тұтты.

 

Барлық жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталд,- хабарлайды бұл туралы жағымды жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему