Дзюдошы Бауыржан Нарбаев - Азия чемпионы
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 18:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дзюдошы Бауыржан Нарбаев - Азия чемпионы

17 Июля 2017 (16:32) | 3275 | Автор: Нурганым Имашева

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты мәресіне жетті. 13-16 шілде аралығында өткен дүбірлі додада маңғыстаулық балуан, облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Бауыржан Нарбаев қарсыластарының барлығын айқын басымдылықпен жеңіп, алтыннан алқа тағып, Азия чемпионы атанды.

 

 

Қуанышты жаңалықпен облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов бөлісті.

               

19 мемлекеттің «мен мықтылары» бас қосқан жарыста 55 келі салмақта Бауыржан Нарбаев алғашқы қарсыласы қырғыз балуаны Доолотбек Таалайбекұлын «иппон» әдісімен тізе бүктірді. Одан кейінгі кездесуінде жапониялық балуан Сейго Накаджимодан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда өзбекстандық Манушер Шириновты 30 секундта «иппон» әдісімен жеңіп, дзюдодан жастар арасында Азия Чемпионы атанды.

 

               

-Қарсыластарымның қай-қайсысы да осал болған жоқ. Намысты қолдан бермеуге тырыстым, барымды салып күрестім.

 

Бапкерлерім Манарбек Бисекенов, Сергей Волобуев ағайларымның сенімін, ата-анамның үмітін ақтап, алтынды еншіледім.

 

 

Бішкек төрінде елімнің әнұранын асқақтатып, көк туын желбіреттім. Өте қуаныштымын. Ендігі ең үлкен мақсат - Олимпиада шыңын бағындырып, тәуелсіз қазақ елінің көк туын Олимпиада төрінде желбірету,-дейді Азия чемпионы Бауыржан Нарбаев.  

 

                 

19 жасар Бауыржан бұған дейін бірнеше республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып, аймақ абыройын асқақтатты. Мамыр айында Литваның Каунас қаласында дзюдодан жастар арасында өткен жарыста да сәтті өнер көрсетіп, Еуропа кубогының иегері атанған болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему