″ZhasДаурен″ жастарды жұмыспен қамтуды арттыруғаүлес қосады
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 18:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″ZhasДаурен″ жастарды жұмыспен қамтуды арттыруғаүлес қосады

15 Июля 2017 (09:41) | 2265 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

"ZhasДаурен" жекеменшік мекемесі Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы «Жастар арасында жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу» жобасын жүзеге асыруда.

 

 

-Жобаның басты мақсаты - Жастар арасында жұмыссыздықты төмендету. Жоба аясында "ZhasДаурен" ЖМ – мен жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу, 17-29 жас аралығындағы 50 жұмыссыз жасты қажетті мамандықтарға оқыту арқылы жұмысқа орналастыруға ықпал ету шаралары жоспарланған, - дейді мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаушы "ZhasДаурен" жекеменшік мекемесінің директоры Әлия Ахметова.

 

Аталмыш жобаны жүзеге асыру бағытында «ZhasДаурен» ЖМ 25 мамыр 2017 жылы Мұнайлы аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, Маңғыстау облысының жастарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

 

 Жәрмеңкеге  жұмыс беруші әртүрлі мекеме, компаниялардың өкілдері, сонымен қатар Маңғыстау облысының жұмыссыз жастары қатысты.

 

"Zhas Даурен" ЖМ қызметкерлері кейбір мамандықтарға тегін оқыту курстарына жазу мақсатында, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде жұмыссыз жастардың  түйіндемесін қабылдады.

 

          Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаушы жоба аясында жұмыссыз жастар үшін, «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Д.Ж.Жеткізген, «Ұрпақ Next» ҚҚ –ның директоры Г.Мұратбай  және «Жанай Айтуар» ЖШС оқыту орталығының директоры А.З.Ақмұрадовтың қатысуымен кездесу өткізді.

 

Қазіргі таңда «Ұрпақ Next» ҚҚ-ның  директоры Гүлжанат Мұратбай 11 жұмыссыз жасты әкімшілік көмекшісіне даярлауда және «Жанай Айтуар» ЖШС оқыту орталығы 10 жұмыссыз жасты кеңсе-менеджері және дәнекерлеуші мамандықтарына оқыту курстарын бастады.

Қазіргі таңда жұмыссыз жастардан оқыту курстарына тіркелу жөніндегі өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему