Құтқарушы мамандығымен танысты
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 20:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құтқарушы мамандығымен танысты

12 Июля 2017 (12:41) | 2278 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде  жазғы сауықтыру лагерінің балаларына арналған «Ашық есік күні»  өткізілді.

 

 

Балаларды жеке құрамның күн тәртібімен, қызметтік жағдайларымен және өрт сөндіру техникаларымен таныстыру мақсатында бөлім аумағында және қызметтік бөлмелерінде экскурсия жүргізілді.

 

 

-Осы шараны өткізудегі ең негізгі мақсат – жас өрендердің санасында азаматтық қорғау органдарының имиджін көтеру, кезекші қарауылының, жеке құрамның жауынгерлік қызметімен және гарнизонның өртсөндіру, құтқару құрал-жабдықтарымен таныстыру, жас ұрпақты өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке баулып,  патриотизмге тәрбиелеу.

 

 

Балаларға құтқарушылармен кездескен осы қүн ерекше әсер қалдырды, өйткені олар үшін №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі орналасқан ғимараттың барлық бөлмелеріне экскурсия өткізілді, қызметтік және тұрмыстық бөлмелермен таныстырылды, бөлімнің автотұрағында өртке қарсы қызметінің арнайы  техникалары көрсетілді, -дейді осы шара туралы ақпаратты біздің басылымға жолдаған Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты  Тенелхан Назар.

 

 

Аға инженердің хабарлауынша, «Экскурсия барысындабалғындарға Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жасағының құрылуы туралы және өрт сөндіруші-ардагерлерінің тарихи фотосуреттері көрсетілді. Іс – шараға 40 – тан астам балалар қатысты».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему