Мұхамбет қола медальдің иесі атанды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 02:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұхамбет қола медальдің иесі атанды

5 Июля 2017 (13:58) | 1496 | Автор: Нурганым Имашева

Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер қаласында дзюдо күресінен «Қапал батыр» атындағы халықаралық турнир өтті.

 

 

Осымен он сегізінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі турнирге 2000-2001 жылы туылған 450 балуан қатысты. Спортшылар еліміздің барлық облысы мен Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Қарақалпақстан, Түркия мемлекеттерінен келді.

 

Екі күнге жалғасқан жарыстың нәтижесінде маңғыстаулық балуан, облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Мұхамбет Зұлқарнаев топ жарып, қола медальдің иесі атанды.

 

               

-Ленгерде өткен халықаралық турнирде +81 келі салмақта белдескен шәкіртіме бұл жолы қола медаль бұйырды. Боз кілемдегі алғашқы кездесулерін жаңаөзендік, өзбекстандық балуандармен өткізген Мұхамбет айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

 

Келесі кезеңде атыраулық балуанға есесін жіберіп, қола медаль үшін ленгерлік балуанмен кездесті. Қарсыласын 8 секундта «иппон» әдісімен жеңіп, үшінші орынға тұрақтады.

 

Бұған дейін Мұхамбет-қазақ күресінен ҚР-ның күміс, қола жүлдегері, «Жас барыстан» күміс жүлдегер атанды. Түркістан қаласында самбодан кіші жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында алтыннан алқа тақты,-дейді облыстың дзюдо күресінен аға бапкері Жомарт Қобыланов.

               

Оңтүстік өңірде дзюдодан ұйымдастырылған аталмыш халықаралық турнир 28-30 маусым аралығында өтті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему