Еңбегі – жас ұрпаққа үлгі
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Еңбегі – жас ұрпаққа үлгі

5 Июля 2017 (13:54) | 2354 | Автор: Нурганым Имашева

Иренов Карим Нажмиденұлы 1930 жылы 8 қыркүйекте Астрахань облысының Краснояр ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол небәрі 6 жасар бала еді. Соғыс жасөспірімді ерте есейтті, 1943 жылы шаруашылыққа байланысты жұмыстарды атқара бастады, жазғы демалыстарда бақташының көмекшісі болды. Бұл оның алғашқы есею жолы еді.

 

 

Соғыс аяқталды. Жас жігіт мұғалім болуды ұйғарды. Карим Иренов алдымен Володаровка селосындағы педагогикалық училищеге оқуға түсті. Оқуын аяқтатып, еңбек етуге кіріседі.

 

Еңбек жолын Ягодинск селосында бастауыш сынып мұғалімі болудан бастады. Әскери қызметін атқарып келген жас жігіт туған жерге оралды.

 

Білімін жалғастыру мақсатында Орал педагогикалық институтына оқуға түседі.

 

Соғыстан кейінгі жылдары Үкімет пен партия халықтың білім сапасына ерекше назар аудара бастады, бұл салаға жоғары білімді мамандар, ұстаздар, ұйымдастырушылар талап етілді. Алдына мақсат қойғыш, еңбекқор жасты жоғарыдағылар бірден байқап, мектеп басшысы етіп тағайындайды.

 

 

1965 жылдан 1972 жылға дейін Карим Нажмиденұлы Астрахань облысы Краснояр ауданының Сеитовка мектебін басқарды. Оның ұйымдастырушылық тәжірибесі Маңғыстау облысы Бейнеу ауданын құрудағы ұйымдастырушылық қызметте қажет болды. Оны №491 теміржолшылар мектебіне басшылық жасауға жібереді. Жалпы алғанда, директорлық қызметте 12 жылдай еңбек етеді.

 

1975 жылы Карим Нажмиденұлы партия жұмысына ауысады, Бейнеу ауданы аудандық компартиясының нұсқаушысы қызметін атқарады. 1980 жылы Маңғышлақ облысы компартиясының лекторы болуға шақырылады.

 

1988 жылы Маңғышлақ облыстық білімін жетілдіру институтына директорлыққа тағайындалады. Кейін «Білім» қоғамының төрағасы болып қызмет атқарады.

 

Тәуелсіз Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған - 1995 жылдан бастап Карим Нажмиденұлы оқытушылық қызметке кіріседі. 15 жыл өмірін облыс әкімдігінде, прокуратурада, училищеде, ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді оқытуға жұмсайды. Ерекше құлшыныспен еңбекпеніп, Ішкі істер департаментінде қазақ тілі кабинетін жабдықтады.

 

Карим Иренов өз қызметімен қатар ғылыммен де айналысты. Қолы босаған кездері Москва, Санкт-Петербор, Орынбар, Алматы, Бөкей ауданы өлкетану мұражайында болуына тура келді. Осындай ізденістерінің нәтижесінде «Жиырмасыншы ғасыр және біздер», «Таныс болыңыздар. Мақаш Бекмұхамедов», «Қазақстан және Ресей: көпғасырлық дәстүр, сабақтастық және әріптестік қарым-қатынастар», «Аңызға бергісіз өмір. Дина Нұрпейісова», «Өмір өткелдері», «Алибаевтар әулетінің тамыры» шығармалары дүниеге келді.

 

Қоғамға сіңірген еңбегі үшін Карим Нажмиденович Қазақ КСРО Жоғары кеңесінің, Қазақстан КП ОК-нің «Құрмет грамотасымен», «Білім» қоғамының, «Тың игеруге – 50 жыл», «ҰОС-на - 65 жыл», «Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 

Қазіргі таңда зейнеткерлікке шықса да, күші-жігері толы азамат бос отырғысы келмейді. Ағымдағы жылдың сәуір айында өзі оқытушылық қызмет атқарған Ішкі істер департаментінде мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкерлерімен, жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде үш бөлмелік пәтерінде ашылған шағын-мұражаймен таныстырды. Мұражай қабырғаларында Әл-Фарабидің, ақын, ағартушы - Ұлы Абайдың, қазақ елін біраз жыл басқарған Дінмұхаммед Қонаевтың, Москваны қорғаған батыр – Бауыржан Момышұлының, Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаевтың, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовтың фотосуреттері ілінген.

 

Аталған кездесуде Карим Иренов мемлекеттік тілді жандандыру бағытында көптеген ұсыныстар жасады, солардың бірі – облыста қазақ тіліне қатысты мәселелерді шешетін орталық ашу еді.

 

Егде жасына қарамастан, ол облыста болып жатқан қоғамдық маңызды мәселелерден тыс қалмауға тырысады.

 

ІІД Баспасөз қызметінің маманы Нәубет Ардақхан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему