Нұркен Домбаев Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 03:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Нұркен Домбаев Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

4 Июля 2017 (16:48) | 1927 | Автор: Нурганым Имашева

Ташкентте спорттық және жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додада бағын сынаған маңғыстаулық балуан, облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті 52 келі салмақта Нұркен Домбаев қола медальға қол жеткізіп, аймақ абыройын асырды.

 

 

Бұл туралы қуанышты жаңалықты балуанды жарысқа дайындаған белгілі бапкерлер Берік Жұмағалиев пен Ерлан Серіков хабарлады.

 

 

Азия біріншілігіне он мемлекеттен 300-ге жуық балуан қатысты. Төрт күнге созылған жарыстың нәтижесінде ел спортшылары 23 алтын, 15 күміс және 24 қола медальді олжалады.

 

 

- Азия чемпионаты 29 маусым мен 2 шілде аралығында Ташкентте өтті. Жарысқа Маңғыстаудан екі спортшыны апардық.

 

Нұркен Домбаев-үмітімізді ақтап, жүлдегер атанды. Өкінішке орай, балуанымыз Елнұр Қоянбай бесінші орыннан көрінді.

 

Енді 5-8 шілде аралығында Астана қаласында самбодан Елбасы жүлдесіне арналған Әлем кубогы өтеді. Оған балуандарымыз Нұркен Домбаев, Руслан Сариев, Айболат Мұратұлы қатысады деп күтілуде.

 

Спортшыларымыздың осындай үлкен жарыстарға қатысуына жағдай жасап, қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасына, облыстық самбо федерациясына және облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығына алғыс айтамыз,-дейді облыстың самбодан аға бапкері Ерлан Серіков.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему