І облыстық «БАЛАУСА ӘН» балалар әндеріне арналған эстрадалық орындаушылар байқауы
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 09:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

І облыстық «БАЛАУСА ӘН» балалар әндеріне арналған эстрадалық орындаушылар байқауы

3 Июля 2017 (14:06) | 3281 | Автор: Нурганым Имашева

Бала тәрбиесі-ел болашағы үшін еткен еңбек. Жасөспірімдердің жаз мезгілінде бос уақытын үнемді пайдалануда эстетикалық білім, рухани тәрбие беру ісінде ерекше, орны бөлек, шығармашыл, ізденімпаз, еңбекқор ұстаз бар. Ол қалалық «Ән салу» үйірмесінің қосымша білім педагогы Нұрлыбаева Ұлболсын.

 

 

Осы сөзіміздің айғағы – жақында Астана қаласының 19 жылдық мерекесі, «ЭКСПО – 2017» энергия көзінің көрмесі ашылуымен және еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың туған күніне орай «Кралл» мейрамханасында  «Ән салу» үйірмесінің қосымша білім педагогы Нұрлыбаева Ұлболсынның ұйтқы болуымен облыстық «Саған сенемін» мүгедек балаларды оңалту қоғамдық қоры,  облыстық әмбебап кітапханамен біріккен І облыстық «БАЛАУСА ӘН» балалар әндеріне  арналған эстрадалық орындаушылар байқауы болып өтті.

 

Маусым айында байқаудың І- кезеңі жабық түрде өткен болатын. Байқаудың іріктеу кезеңіне жан-жақтан қатысқан үміткерлерлер саны көп болғанмен, іріктеуден ІІ- кезеңге санаулы орындаушы ғана өтті.

 

ІІ- кезеңде өнерпаздардың әртістік қабілеттері, сахналық мәдениеті т.б бағаланды. Байқаудың ерекшелігі - мұнда мүгедек балалар өз өнерлерін ортаға салып өзара бәскеге түсті.

 

Жас әншілердің өнерін таразылайтын қазылар алқасының  Бас әділқазысы болып облыстық «Саған сенемін» қоғамдық қорының президенті Қ. Ракишева, қазылар алқасына облыстық әмбебап кітапхана мамандары А.Досқалиева, К. Хасанова тағайындалды.

 

Әсем безендірілген мейрамхана төрінде эстрадалық орындаушылар байқауышымылдығын ашқан «Ләзім» вокалдық тобы «Астана» әнін тамылжыта әуендетіп, мың бұрала билеп, көрермендердің ризашылығына бөленді.

 

 

І облыстық «БАЛАУСА ӘН» балалар әндеріне  арналған эстрадалық орындаушылар байқауында балалардың  орындауында әдемі әндер шырқалды.

 

Байқау қорытындысында Бас жүлдені Садырбаев Самрат жеңіп алса, І орынды Ерниязова Әсемай мен Темірғали Асылым өзара бөлісті, ІІ орын-Көшбай Халима мен Жұманазар Индираға бұйырды, ІІІ-орынды Қонақбаева Сәукеле мен Қоймұрат Нұрасыл еншіледі.

 

 Ынталандыру сыйлығына Қадірәлі Айгерім мен Ерниязова Гүлназ ие болды.  Қалған әншілер де құр алақан қалған жоқ, барлық  үміткерлерге сыйлықтар үлестірілді.

 

Облыстық «Саған сенемін» қоғамдық қорының президенті Ракишева Қарлығаш жас әншілерге жүрек жарды аналық ақ тілек айтып, оларға дайындалған медаль, сыйлықтарымен мадақтаса, Облыстық әмбебап кітапхана орталығының мамандары үміткерлерге шығармашылық шабыт тілеп, өздері дайындаған марапат қағаздарын  табыстады.

 

 

-Ән байқаудың  мақсаты  - балаларды әншілік әлеммен таныстырып, рухани сусындату, болашаққа үмітпен қарап, өмірге деген құлшынысты ояту, өнерді сүю - өмірді сүюге баулу. Осы балғындардың әрқайсының өнерлі бала, өрелі бала болып өсетініне кәміл сенемін,- деді қалалық «Ән салу» үйірмесінің қосымша білім педагогы Ұлболсын Нұрлыбаева.

 

Әрине, Облыстық «Саған сенемін» қоғамдық қоры, облыстық әмбебап кітапханасы мен «Ән салу» үйірмесінің біріккен  күшінің арқасында мерекелік байқау өте жоғарғы дәрежеде өтті. Мейрамхананың дастархан мәзіріне «Ән салу» үйірмесінің ата-аналар ұжымы демеушілік жасады.

 

Осы күнге дейін «Ән салу»  үйірмесінің жетекшісі Нұрлыбаева Ұлболсын өз  үйірмесінде шәкірттерінің көбі  ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, жағдайы төмен отбасының және бірлі-жарым мүгедек балаларды қамтыған болса, 2016 жылдан бастап мүгедек балаларға арнайы бір топ ашылып, «Ән салу»  үйірмесі мүмкіндігі шектеулі балаларлармен толығуда екен.

 

Бұл ерекше балаларды ән айтуға баулу үшін, біріншіден, психологиялық дайындық өте қажет, екіншіден, үлкен жүрек керек, үшіншіден, төзімділік, шыдамдылық пен сенім қажет және музыкалық шығармаларды үйретуде ерекше әдіс -тәсілдер қажет етілетінін балалардың ұстазы Ұлболсын айтып өтті.

 

-Дегенмен, шамама қарай әншілік деген киелі өнердің өсуіне, шәкірттерімнің өміріне ізгіліктің жолын салып, өз ұлтымның болашағының дамуына үлесімді қосып келемін. Бұл менің шәкірттеріммен бірге жеткен өнердегі жеңісім деп білемін, бұдан өзге ұстаз үшін қандай бақыт бар?- деп күлімсірей қараған Ұлболсынның бейнесінен өнердің хас шебері, жігерлі әнші, ұлағатты ұстаз тұлғасын көрдік.

 

 

Сөзін ата-аналарға арнап, шыдамдылықтары үшін алғыс айтумен бастаған облыстық әмбебап кітапхана орталығының маманы А.Доскалиева облыстық «Саған сенемін» қоғамдық қорының президенті Қ. Ракишеваға жұмысына табыс тілеп, «Әрине, балалар мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан, өмірге деген сондай құштарлықпен қараған көзқарастары, тамылжыта шырқаған әндері біздің жүрегімізді елжіретті. Балаларын «Ән салу» үйірмесіне қатыстырып, көңіл бөліп Нұрлыбаева Ұлболсындай ұстаздың қолына сеніп тапсырғаны бізді қатты қуантты. «Ән салу» үйірмесінің жетекшісі Нұрлыбаева Ұлболсынды шығармашыл, талантты тұлға ретінде көптен танимын, ісіне жетістік тілеймін, қиындығы мен қызығы мол өнерге баулыған шәкірттері сенімін ақтап, абырой әперсін» деген жүрек жарды ақ тілегін жеткізді.

 

Қалың көрермен, ата-аналар және оқушылар қызықты да тәлімі мен тәрбиелік мәні зор шара үшін облыстық «Саған сенемін» ҚҚ президенті Қ. Ракишеваға, қазылар алқасына, облыстық әмбебап кітапхана директоры З.  Айтуароваға, «Ән салу» үйірмесінің жетекшісі Ұ. Нұрлыбаеваға үлкен алғыстары мен ізгі тілектерін айтып, болашақта да демеушілік көмектерін ұсынатынын  жеткізіп, қуанышты көңіл-күймен тарасты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему