Маңғыстаулық 50 ерікті жас «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне аттанды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 02:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық 50 ерікті жас «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне аттанды

1 Июля 2017 (19:31) | 1723 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облысынан 50 ерікті жас «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтіп жатқан елордаға жол тартты. Үш тілде еркін сөйлейтін жастар әлем қауымдастығы көз тіккен маңызды шараның қонақтары мен көрмеге келушілерге 1 ай бойы қызмет көрсетеді.

 

 

" Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының" тапсырмасымен "Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының" жанынан құрылған еріктілер тобының құрамында студенттер және жас мамандар 1,5 жыл бойы үлкен шарада қызмет көрсетуге арнайы дайындалған болатын. Еріктілер тобының мүшелері облысымыздың әр ауданынан іріктеліп алынды.

 

 

Айта кетейік, маңғыстаулық еріктілер бұған дейін де Астана қаласында өткен қысқы Универсиадаға барып, оның табысты өтуіне де өз үлестерін қосқан болатын.

 

 

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі - қазақ елінің абыройын арттыратын маңызды шара. Ертеңгі күні ел тізгінін қолына ұстайтын жастардың келешегі үшін оның атқарар ролі зор.

 

 

Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында қазақ елін бүкіл әлемге танытатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің сәтті өтуіне Маңғыстау жастарының да өз үлестерін қосуы - абыройлы іс, жерлестері үшін мақтаныш, жастар үшін - үлкен мүмкіндік, жоғары жауапкершілік болары анық .

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему