Өз тіліңді құрметте
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өз тіліңді құрметте

30 Июня 2017 (17:34) | 2170 | Автор: Мира Ботабекова

 

Елбасымыз «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы»  демекші, кез келген ұлт өкілі өз тілімен ерекшеленеді. Қай елде, қай ұлтта болмасын қасиетті саналатын тіл бойымызға анамыздың ақ сүтімен даритыны анық. Сондықтан, туған тілге деген құрмет біздің  сәби шағымыздан бастау алады.

 

Қазіргі таңда сот жүйесінде де ана тіліміздің мәртебесі биік. Себебі, мемлекеттік тілді дамыту бағытында заңдардың қабылдануы, түрлі бағдарламалардың жүзеге асырылуы тіліміздің нығаюына жол ашты. Ата Заңымыздың 7-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп көрсетілген. Ал, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 13-бабында Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады делінген. Іс бойынша сот ісін жүргізу  тілі мемлекеттік тіл екендігі тайға таңба басқандай көрсетілген. Яғни, сотқа дейінгі органдар да  іс жүргізушілік құжаттарын мемлекеттік тілде ресімдеп, сот ісін жүргізу тілі мемлекеттік тілде белгілесе нұр үстіне нұр болмақ. Қажеттілікке байланысты ғана өзге тіл қолданылуы мүмкін.  Сот iciн мемлекеттiк тiлде жүргiзу және қажет болған жағдайда басқа тiлдердi қолдану түсініктерін теңестіріп қарауға болмайды деп ойлаймын. Сондықтан, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу тек соттардың жұмысы емес, бұл өзекті мәселеге сотқа дейінгі органдар да немқұрайлы қарамауы тиіс.

 

Сот билігі – мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан мемлекеттік тілді дамытуға мүдделі.  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы №36 өкіміне сәйкес, республика соттарындағы іс-қағаздарды мемлекеттік тілге көшіру барысы тұрақты қадағаланып келеді. Сондай-ақ, қазақ тілі бойынша тілдік білімді бағалау, мемлекеттік тілді В1 және С1 деңгейінде білетін мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің үлесін арттыру  мақсатында судьялар мен сот қызметкерлері «Қазтест» жүйесі арқылы тест тапсырды. Соттағы құжат айналымдарының толығымен өз ана тілімізде жүргізілуі көңілге жұбаныш.  Осы орайда, іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші деп ойлаймын. Көп ұлтты ел болғандықтан сот істерінің мемлекеттік тілде жүргізілуі арыздардың сотқа қай тілде берілуіне байланысты болып отыр.

 

 

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңірдің бірі саналатын Маңғыстауда қазақ тілінің қолданысы кең. Ағымдағы жылдың 5 айы бойынша барлығы 6965 әкімшілік іс қаралып аяқталған. Ал, оның мемлекеттік тілде қаралғаны 6672, яғни бұл 95,7 пайызды құрап отыр. 

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген екен Бауыржан Момышұлы.  Әрине, көп тілді меңгеру заманның талабы. Алайда,  «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді  құрмет тұтқанға не жетсін.

Сүйеуова Гульмира, Ақтау қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотының судьясы                               

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему