Ақшұқырдағы жазғы этнолагерь
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 07:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақшұқырдағы жазғы этнолагерь

28 Июня 2017 (17:10) | 4691 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жазғы демалыс лагері жұмыс істеп жатыр. Онда екінші мен сегізінші сынып аралығындағы 300-дей бала 12 күн бойы тынығып, ұлттық дәстүрді тереңірек танып, түрлі тарихи жерлерге саяхат жасайтын болады. Жазғы демалыстың әр күнін әр тақырыпқа арнаған жазғы лагерь басшылары жетінші күнді «этноауыл» деп атапты.

 

 

Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында орналасқан мектеп-лицейінің ауласы уақытша этноауылға айналды. Киіз үйлер тігіліп, «Ұлттық өнерпаздар», «Ұлттық қолөнершілер», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық тағамдар» сынды бірнеше ауыл бой көтерді. Өңірге белгілі шеберлер балаларға ши тоқу, киіз басып, құрақ құрауды, ши жүгіртуді, жүн түтіп, ұршықпен жіп иіруді және де ұлттық тағам түрлерін әзірлеуді үйретті.

 

 

Этнолагерьде Ақшұқыр ауылының 300-ге тарта баласы 12 күн тынығып, ата-дәстүрді тереңірек меңгермек. Ер балалар болса, бірі асық атып, енді бірі тоғызқұмалақ ойнап, тағы бірі боз кілемде иық тірестіріп, ұлттық ойындарды меңгерді.

 

 

Жазғы демалыста жүрген балалар қазақтың әні мен күйін тыңдап, ұлттық киімдердің ерекшелігімен танысты. Жазғы лагерьде еңбек етіп жүрген 54 тәрбиеші ұлттық киім киіп, шараның жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысты.

 

 

ҚАЛАМҚАС ТІЛЕУБАЕВА, АҚШҰҚЫР МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-Жазғы лагерьде бір күнді этноауылға арнауымыздың негізгі мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрлерін оқушыларға көрсете отырып, насихаттау, олардың бойына елжандылықты қалыптастыру, патриоттық сезімдерін арттыру. Тілімізді, ділімізді, дінімізді, ұлттық өнерімізді барлығын бала бойына сіңіріп өсу керек. Сонда ғана біз нағыз қазақты, нағыз елжанды қазақты, болашағы бар ұлттың болашағын көркейтетін ұл мен қызды тәрбиелейміз деп есептеймін.

 

 

Мұнда «Экспо-2017» шағын көрмесі де ұйымдастырылды. Оқушылар еліміздегі жасыл технологиядағы жеткен жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алды. Жас ұрпаққа туған жердің тарихын тереңірек таныту үшін тарихи ескерткіштерге арнайы саяхаттар ұйымдастырылмақ. Аймақтың білім саласы басшылары балалалардың рухани жан-дүниесін байытуға бағытталған мұндай лагерьлерді өзге де аудандардан ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему