Ақтаулық өрт сөндірушілер «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ғимаратында дайындықтарын пысықтады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық өрт сөндірушілер «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ғимаратында дайындықтарын пысықтады

28 Июня 2017 (13:32) | 2192 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтауда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз-кеме қатынасы компаниясы (ҰТКҚК)» ЖШС әкімшілік ғимаратында өрт-тактикалық жаттығуы өтті.

 

 

Жаттығу «аңызы» бойынша, 17 сағат 00 минутта әкімшілік ғимаратының кеңсе аумағында жануға ұласқан электрсымдарының қысқаша тұйықталуы орын алды.

 

Өрт бір бағытта дами бастады және тікбұрышты форма түзілді. Өрттің таралу жылдамдығы минутына 0,5 метрді құрады, жану қалың түтін мен улы газдардың бөлінуіне әкеп соқты.

 

 

«Қазақтеңізкөлікфлоты» әкімшілік ғимараты 2015 жылдың 4 мамырында қолданысқа тапсырылды. Өртке қарсы қорғау жүйесі өрт сөндіру құралдарын қолданумен, өрт сөндіру суқұбырлары желілерімен, автоматты түрде өртті сөндіру, өрт туралы хабарлау арқылы, өрттің таралуын шектеуді және тез арада адамдарды қауіпсіз жерге көшіруді қамтамасыз ететін құрылыс шараларын  қамтыды.  Нысан екі технологиялық бөлімдерден құралған: нысанның қоғамдық бөлігі – кеңселер мен көлік тұрақтары.

 

Шартты «өртке» үшінші, жоғары қүрделі деңгей тағайындалды. Ғимараттағы «тілсіз жаумен» күреске 18 техника бірлігі, Маңғыстау өрт сөндіру – құтқару гарнизонының жеке құрамынан 50-ге жуық сарбаз, сонымен қатар  апат медицинасы орталығының қызметкерлері келді.

 

Бұл туралы біздің басылымға «Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему