Мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

27 Июня 2017 (10:09) | 3963 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау обылысы Ақтау қаласы Абай атындағы мәдениет сарайында мемлекеттік қызметкерлер күніне орай жиырма үшінші маусымда мемлекеттік қызметкерлердің ант беру рәсімі өтті.

 

         

Ант қабылдау Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен және Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен мемлекеттік қызметкердің ең басты міндеттерінің бірі болып бекітілген.

         

Аталмыш мерекелік шарада ант қабылдаудың үлкен жауапкершілігін сезініп, мемлекеттік қызметтің алғаш табалдырығын аттаған жас мамандар Отанға адал болып, кәсіби қызмет көрсететуге серт берді. Мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер ретінде ант қабылдағандар арасында жас маман Әбдімұқанов Әлфараби Зейдінабдұллаұлы да болды. Ол - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мұнай-химия, металлургия және тау-кен өнеркәсібін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы.

 

Өз кезегінде мемлекеттік әкімшілік қызметкер ретінде ант берген жас маман алдағы уақытта мемлекеттің мүддесі үшін қызмет ететінін жеткізді.

 

 -Мемлекеттік қызметке орналасқаныма қуаныштымын. Өзімнің адал еңбегім арқылы елімнің өсіп-өркендеуі үшін бар күш-жігерімді, білімімді жұмсап, аянбай қызмет етуді, сөйтіп тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосуды парызым санаймын – деді бас маман Әлфараби Зейдінабдұллаұлы.

 

         

Салтанатты рәсімде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ильмуханбетова жас мемлекеттік қызметкерлерді құттықтап, олардың ел мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілігі туралы, Елбасының бес институционалдық реформасын іске асыру барысында мемлекеттік қызметкердің адал еңбегі сәттілік кілті болатындығын айтып, елге адал қызмет етуге, кәсіби қызметіне күш-жігерін аямай жұмсауға, білімі мен тәжірибесін ұштастыруға шақырды.

          

Сонымен қатар ізгі тілектермен жас мамандарды бөлім бастықтары, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер де қызу құттықтады.

          

Шара соңы бейнебаян көрсетілімі мен «Екі жұлдыз» концертіне ұласты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему