Қызылөзенде көлік жуу орталығы ашылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 05:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қызылөзенде көлік жуу орталығы ашылды

24 Июня 2017 (13:24) | 3909 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Қызылөзен ауылында бір күнде үш жаңа нысан ашылды. Азық-түлік дүкені, көлік жуу және автобөлшек орталығы халық игілігіне берілді. Оны кәсібін енді бастаған ауыл тұрғыны қолға алды. Азық-түлік дүкенінде бірінші кезектегі қажеттіліктер ет, нан, кондитерлік өнімдер арзан бағада сатылады. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлады.

 

 

Қызылөзен ауылында Назар Түйешиев азық-түлік дүкенін ашты. Көп жылдар мұнайшы боп еңбек еткен ол кәсіпкерлікке бет бұрған. Дүкенді өз қаржысына салыпты. Мұндағы тауар халықтың қалтасына да тиімді. Осылайша, кәсіпкер көптің кәдесіне жарауды ойға алған.

 

 

Назар Түйешиев, Кәсіпкер:

-Ауылым үшін салдым. Магазинді де арзан қылдым. Халқыма қызмет қылайын деп сол үшін салдым.

 

 

Тұсауы жаңа кесілген дүкенде азық-түліктің түрі бар. Жинақы, ұқыпты сөрелерінде нан, макарон, ұн, сұйық май, жеміс-жидек, көкіністерге дейін самсап тұр. Ауылда бұдан бөлек тағы екі сауда нүктесі халық қызметіне жарап тұр. Қызылөзендіктер жаңа нысанның ашылуына қуанышты.

 

 

Асхат Құмар, Қызылөзен ауылының тұрғыны:

-Тұтыну тауарларын кәсіпкерлер көбірек әкелген сайын бағаның түсуіде халыққа пайдалы болады. Болашақта Назарға Қызылөзен ауылына осындай кәсіпкерлер көбейіп қызметін бастаса екен деймін.

 

Кәсіпкердің ендігі діттегені - жұмыссыз жастардың екі қолына бір күрек тауып беру. Осылайша, ауылдағы жұмыссыздықты жоюға ат салыспақ.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему