Егіз полицейдің ерлігі
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 07:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Егіз полицейдің ерлігі

24 Июня 2017 (12:57) | 1609 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Ақтаулық егіз полицейлер Ақәділ мен Нұрәділ Сейіт-хасан 64 млн теңгенің мүлкін қолды еткен әккі ұрыларды ұстады. Пәтер тонаушылар ұрлаған дүниелерін тұрғын үйдің жер-төлесіне жасырып, кейін ломбардтарға өткізіп отырған. Ағайынды тәртіп сақшыларына тапсырылған іс қарақшылардың ойланбай жасаған әрекетінің арқасында әшкере болды.

 

 

Қолының сұғанағы бар баукеспелер қаладағы пәтерлердің біріне терезе арқылы кіріп, алтын бұйымдарды қолды етеді. Сөйтіп олжаларын апта өтпей әлеуметтік желілер арқылы саудаға шығарады. Заңды мүлкін бірден таныған жәбірленушілер тәртіп сақшыларына хабар береді.

 

 

Нұрәділ Сейітхасан, қалалық ІІБ тергеушісі:

– Өзінің ұялы телефонын ғаламтордан көріп, танығандықтан бізге келді. Оны сатушы тұлғаны іздестіру барысында нақты тұлғаларды анықтадық. Бұл дерек бойынша нақты дәлелдеме жинап, сот органдарына жібердік.

 

 

Қазіргі кезде бұл тұлғалар заңдық тұрғыда жазаларын алып, бес жылға бас бостандықтарынан айырылды. Қылмыстық істің ізі суымай ашылуына үлес қосқан егіз полицейлер 2014 жылдан бері қалалық ішкі істер басқармасында қызмет етеді.

 

 

Тәуелсіздіктің төл құрдастарының бала кезден бері тәртіп сақшысы болуды армандаған екен. Мектеп бітіргеннен кейін олар Қарағанды заң академиясына түсіп, бітіріп шығады. Ағайындылар біріне тапсырылған істі күн-түн демей бірлесе орындайтын әдетінен әлі күнге жаңылған емес.

 

 

Ақәділ Сейітхасан, қалалық ІІБ штаб бөлімінің инспекторы:

– Басынан бастап екеуміз бірге тергеу бөлімінде жұмыс жасадық. Бір бірімізге көмектестік. Үйде де, жұмыста да бірге келеміз. Үлгермей жатқан жерде шақырамын «Нұрай, көмектесіп жібер» деп, болмаса ол мені шақырады. Жұмыс кейде түнге дейін болады. Түнде де қасында қалып, ұйықтамай көмектесіп, таңертеңге дейін бітір деген шаруаны бірлесе бітіретін едік екеуміз.

 

 

Айта кетейік егіздердің үлкені Ақәділ шаңырақ көтерген. Жұбайы да ішкі істер саласында еңбек етеді. Бауырынан бір елі ажырамайтын Жанәділ де болашақ жұбайын осы саладан іздестіріп жүр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему