Маңғыстаулық жас балуандар ел Біріншілігінде 3 алтын мен 1 күміс медальді жеңіп алды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 15:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық жас балуандар ел Біріншілігінде 3 алтын мен 1 күміс медальді жеңіп алды

21 Июня 2017 (14:55) | 2289 | Автор: Нурганым Имашева

Киелі Түркістан қаласында 17-18 маусым аралығында 2001-2002 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 

 

Ел Біріншілігіне Қазақстандағы 14 облыс пен 2 республикалық дәрежедегі қаладан 400-ге жуық жас балуан қатысты. Маңғыстаудан барған облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жастар спорт мектебінің шәкірттері аталмыш бәсекеде үздік өнер көрсетіп, Чемпиондар сапын түзеді.

 

Аймақ абыройын асқақтатқан жас өрендер бапкерлерінің үмітін ақтап, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Олар ел Чемпионатының 3 алтын және 1 күміс медальдарын жеңіп алып, облыс «қоржынын» қомақты табыстарымен толықтырды.

 

Жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарында 44 кг салмақ дәрежесінде Еламанова Әйгерім Чемпион атанып, алтыннан алқа тағып, жүлделі І орынды иеленсе, 50 кг салмақта күміс жүлдеге қол жеткізген Төлегенов Дәурен - ІІ орынға көтерілді. 66 келі самақтағы Қуанышұлы Нұрбек – І орын иесі болып, Чемпионат жеңімпазы атанып, алтынмен апталса, +84 кг салмақтағы Зұлқарнаев Мұхаммед те – Чемпион тәжіне ие болды.

 

Дүбірлі додада озық шыққан алтын, күміс жүлденің иелері – маңғыстаулық 4 спортшы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ресей астанасы Мәскеуде өтетін Әлем Чемпионатына жолдама алды. 

 

Бұл қуанышты жаңалықпен Экстра-класс дәрежесіндегі төреші,облыстың самбо күресінен аға жаттықтырушысы Берік Жұмағалиев пен облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жастар спорт мектебінің бапкері Ерлан Серіков бөлісті.

 

Байрақты бәсекедегі үлкен жеңістерімен жас балуандарымызды және оларды баптаған жаттықтырушыларын қызу құттықтай отырып, жанкүйерлері-жерлестері атынан өңір спортының дамуына қосқан үлестері мен аймақ айбынын асырған жетістіктері, толағай табыстары үшін алғыс білдіреміз. Алда бағындырар биіктеріңіз көп болсын деген тілек айтамыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему