96 жастағы ардагер «ЭКСПО» көрмесіне барады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 18:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

96 жастағы ардагер «ЭКСПО» көрмесіне барады

20 Июня 2017 (19:12) | 1779 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

96 жастағы ақтаулық ардагер Қайыр Қыдырбаев Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне баруды жоспарлап отыр. Ұлы Отан соғысының ардагері елімізде алғаш рет өтіп жатқан маңызды шарадан шет қалмауды ұйғарыпты. Ол Елордада 3 күндей болып, жасыл энергия саласындағы тың жобалармен танысып шықпақ. Әрі қарай 14 күн Бурабайда демалады.

 

 

Қарияның бұл сапарына облыс әкімдігі мен жергілікті кәсіпкер Бауыржан Білман қолдау көрсетпек.

 

 

Қайыр атай қан майданға 21 жасында аттанған. Мерген жігіт бірнеше елдің қалаларын азат ету ұрыстарына қатысып, Берлинге дейін жетеді. Саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы, мұнай тасымалы саласына арнапты. Бүгінде 18 немере мен 35 шөберенің ортасында бақытты күн кешіп отыр. 96 жастағы қарияның денсаулығы әлі тың. Осы жасына дейін басы ауырып, балтыры сыздамапты. Себебі, салауатты өмір салтын ұстанады, кешкі 5-тен кейін тамақ ішпейді екен.

 

 

ҚАЙЫР ҚЫДЫРБАЕВ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

-Польшаны, Венгрияны, Югославияны фашистерден азат еттік. 3 рет жаралы болдым, екі рет контузия алдым. Сонда да адам санын азайтпайын деп қатардан қалмай, әскермен бірге жүріп, 1945 жылдың 1-ші желтоқсанында соғыстан аман-есенк келіп, содан барып ауылшаруашылығында жұмыстандым осы уақытқа дейін. Менің Астанаға «ЭКСПО» көрмесіне баруыма жағдай жасап отырған азаматтарға алғысым шексіз. Ол азаматтарға менің жасымды берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему