Коммуналдық төлемдерді өндірудің тәртібі
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 00:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Коммуналдық төлемдерді өндірудің тәртібі

19 Июня 2017 (11:02) | 2266 | Автор: Нурганым Имашева

Тұрғындардың кейбірі коммуналдық қызметті өз игіліктеріне пайдаланғанымен, қызмет ақысын төлеуге келгенде салғырттық танытатыны жасырын емес. Тұрғындардың бұл немқұрайдылығы өз кезегінде коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің қаржылық жағдайына кері әсерін тигізбей қоймайды. Мәселен, нақты кезеңде жылу орталықтары алдағы қыс маусымына қызу дайындық жасап жатыр, яғни кейбір тозығы жеткен су құбырлары жаңамен алмастырылып, жылу жүйелері жаңғыртылуда.

 

 

Сонымен қатар, облыс орталығының әрбір шағынауданында тұрғындарға қызмет көрсететін пәтер иелері тұрғын үй кооперативтері (ПТИК) бар. Олар өздері қызмет көрсететін тұрғын үйлердің тұрғындарымен келісім-шартқа отыру арқылы өзара қарым-қатынастарын реттейді. Алайда, қала тұрғындарының бәрі бірдей аталмыш келісім-шарттардың талабына сай өз міндеттемелерін атқаруға құлықты еместігін күнделікті өмірде жиі кездестіріп жүрміз.

 

Осыған орай, Ақтау қаласының кейбір пәтер иелері тұрғын үй кооперативтері (ПТИК) коммуналдық қызмет ақысы төлемдерін уақытылы төлемеген тұрғындардан қарыздарын өндіріп алу үшін Ақтау қаласының №2 сотына талап арызбен жиі жүгініп жатады.

 

Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының, «Азаматтық кодекс» нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын  Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледi.

 

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сай,  коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

 

Коммуналдық төлемдер – елді мекендерге мамандандырылған мемлекеттік және жергілікті (муниципальдық) кәсіпорындар көрсететін коммуналдық қызметтердің төлемақысы.

 

Ағымдағы жылдың 6 айында Ақтау қаласының №2 сотына 3835 азаматтық іс түсті, оның 982 ісі оңайлатылған тәртіппен қаралды, оның ішінде 768  коммунальдық төлемдерді өндіруге байланысты шешім шығарылды.

 

Сот өндірісіндегі 1435 іске сот бұйрығы шығарылды. Осы сот бұйрығының ішінде коммуналдық төлемдерді өндіруге байланысты 965 іске сот бұйрығы да шығарылды.

 

Нақты мысал келтірер болсақ, Ақтау қаласының №2 сотымен талапкер ПИТК-нің жауапкер Ө.Қ.-ға берген өзінің қызметтері үшін қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы қаралды.

 

Талапкер ПИТК-і жауапкер Ө.Қ. көппәтерлі түрғын үйдің ішіндегі пәтердің иесі бола тұра, уақытылы ақшасын төлемегенін көрсетіп, 01.03.2016ж.-31.10.2016ж. аралығындағы 20601 теңге қарыз сомасын, өсімақы 326 теңге және сот шығындарын өндіру туралы сотқа талап арыз берген.

 

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35, 50 баптарының негізінде меншік иелерi ортақ мүлiктің және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуына және қауiпсiз пайдаланылуына жәрдемдесуге және  ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға ай сайын қатысуға міндетті.

 

Сот шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылды.

 

Есеева Жадыра Колдасбайқызы

Ақтау қаласының №2 сотының бас маманы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему