Маңғыстау облысының блогерлері өрт сөндірушілерде қонақта
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 14:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының блогерлері өрт сөндірушілерде қонақта

19 Июня 2017 (10:37) | 1940 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Маңғыстау облысы «ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» өрт сөндірушілерінің Маңғыстаулық блогерлерімен облыстық блог-тур аясында жүргізілген кездесуі өткізілді.

 

 

Құтқарушы жұмысының ерекшеліктерімен блогерлерді өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Хаям Анверович Амирбеков таныстырып өтті.

 

Тур барысында блогерлерге құтқарушы жұмысының ерекшеліктері туралы айтылды. Блогерлерге тек қана көру емес, есту, сонымен қатар шынайы өрт сөндіру құтқарушының рөлінде болатын ерекше жағдай жасалды.

 

Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында ангарда блогерлер өрт сөндірушілердің арнайы киім нысанын киіп, арнайы автокөлікте жүріп өтті және де толық жауынгерлік өрістету өткізу мен шартты жануды сөндіруге белсене араласты. Содан кейін блог-тур қатысушылары оқу жаттығу мұнарасының төртінші қабатына көтеріліп, өзіндік құтқару – құтқару арқанымен түсуді жүргізді.

 

Одан әрі қалалық және облыстық блогаймақ өкілдері назарын неміс өндірушілерінің кішігірім жану жағдайларын сөндіруге арналған «IFEX-3000» өрт сөндіру импульстік орнатқышы ұсынылды. Аталмыш құрылғының бір атысы бір литр суға тепе-тең.

 

Кездесу соңында блогер-қонақтар түтінді жылу камерасына барып, кедергілерден психологиялық жолағынан өтті, бұл жаттығулар түтін арасында және көмекке зәру жайындағы шулы дауыстар арқылы тыныс алуға жарамсыз ортада, көру мүмкіншілігінсіз жағдайда өтті.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему