Жаңаөзеннен 4 отбасы Шығыс Қазақстан облысына көшіп барды
Курс валют в Актау
на 13/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
13 Мая, 08:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзеннен 4 отбасы Шығыс Қазақстан облысына көшіп барды

18 Июня 2017 (11:53) | 1612 | Автор: Мира Ботабекова

Ерікті қоныс аудару форумы жемісін бере бастады. Бағдарламаның аясында өзге облыстарға қоныс аударуға 100 адам өтінім беріп, Жаңаөзеннен төрт отбасы Шығыс Қазақстанға көшіп кетті. Оларға тегін баспана ұсынылып, отбасы мүшелеріне субсидия берілді. Олар тіпті тұрақты жұмысқа тұрып үлгерген. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлайды.

 

 

Халқы тығыз орналасқан мұнайлы қаланың жұртын жұмыс күші тапшы солтүстік облыстарға орналастыру мақсатында жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатыр. Бүгінгі  таңда Жаңаөзен қаласынан  төрт отбасы  Шығыс Қазақстанның, Жарма ауданы, Шалабай селосына қоныс аударды.  Солардың бірі -   Қылшовтар  әулеті. Көпбалалы отбасына, бес бөлмелі үй беріліп, оның әрбір мүшесіне субсидия бөлінген. Сонымен қатар, тұрақты жұмыс та ұсынылып отыр. Жерлестеріміз мектеп жасына дейінгі балаларын  балабақша мен мектептерге орналастырып, жергілікті денсаулық сақтау мекемелерінің есебіне алынады.

 

Айгул Сисенбаева,Жаңаөзен қаласы әкімінің жанындағы жұмыспен қамту орталығының директоры:

 

-Отбасында сегіз адам болып көшіп барды. Бұл  көпбалалы отбасы. Оларға бес бөлмелі үй берілді, Көшіп барғанына қуанышты. Жұмыс берушіден көптеген азық түлік берілді.

 

Еңбек күші артық өңірлерден жұмыс қоры тапшы аймақтарға қоныс аудару жұмыскер мен жұмыс берушінің өзара қызығушылығы бойынша ерікті түрде жүзеге асырылады. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы мен Шемонаиха ауданында 219 бос жұмыс орындары бар. Көшіп келушілерге 60 пәтерлі үй салынып жатыр. Және өзге де әлеуметтік көмектер беріледі екен. Сатып аламын деушілерге , ондағы пәтерлердің бағасы 300 мыңнан бастап 1млн теңге аралығында екен.

 

Айгул Сисенбаева, Жаңаөзен қаласы әкімінің жанындағы жұмыспен қамту орталығының директоры:

 

-Көшем деген азаматтар берілетін үйлерді  қандай жағдайда тұрғанын көре алады. Егер сұрақтар болса, жұмыспен қамту орталығына келіп бейнеконференция  арқылы байланысқа шығуға болады.

 

Шығыс Қазақстан облысына Жаңаөзен қаласынан әлі де алты отбасы көшуге ниет  білдіріп отыр екен. Көш әлі де жалғасады. Қоныс аударамын деушілер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуына болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему