Cоттар мен адвокаттар алқасы арасында Меморандумға қол қойылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 07:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Cоттар мен адвокаттар алқасы арасында Меморандумға қол қойылды

15 Июня 2017 (10:55) | 2231 | Автор: Мира Ботабекова

Бүгін Маңғыстау облыстық соты мен Маңғыстау облысының адвокаттар алқасы арасында өзара ынтамақтастық жөніндегі Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 

 

Іс-шараға сот төрағасы Ж.Аланов, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Маңғыстау облысы адвокаттар алқасының төрағасы Б.Якушев және адвокаттар, кәсіби медиаторлар, кеңсе қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Ж.Аланов рәсімді аша келе, «Меморандумға қол қою азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот өндірісінің қағидаларын сақтау, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, дауларды (жан-жалдарды) сот алды және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізу бойынша өзара қимылдарды нығайту, сот ісін жүргізуінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріндегі ынтымақтастық болып табылады», - деді.

 

Сондай-ақ, сот төрағасы аталған құжат, партисипативті процедура тәртібінде даулардың реттелу басымдылығын насихаттауда және дауларды шешу кезінде оның қолдану саласын кеңейтуде, даулардың сотқа дейінгі және соттан тыс шешілуін реттейтін институттарды енгізуді, бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернет желісі арқылы дауларды (жан-жалдарды) сот алды және соттан тыс реттеудің мүмкіндіктері мен басымдылықтарын, оның ішінде медиациядық процедураларды қолданумен бірлесе құқықты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді нығайтатындығын тілге тиек етті.

 

Меморандумға қол қою арқылы тығыз байланыста жұмыс жасауға дайындықтарын білдірген тараптар олардың алға қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда бір-біріне табысты еңбек тіледі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему