Ақшұқыр мектеп-лицейінің түлектері мектеп бітіру кешінен бас тартты
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 02:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақшұқыр мектеп-лицейінің түлектері мектеп бітіру кешінен бас тартты

14 Июня 2017 (10:28) | 4878 | Автор: Мира Ботабекова

Ақшұқыр ауылындағы мектеп-лицейінің биылғы түлектері науқас қызға көмектесу үшін мектеп бітіру кешінен бас тартты. Олар мидың қатерлі ісігіне шалдығып, соның салдарынан көзі көрмей қалған Әминаға көмек керегін біле тұра көңіл көтергеніміз орынсыз деп шешті. Осылайша, жастардан жиналған ақша өрімдей қыздың көзін емдетуге жұмсалмақ. Бұл туралы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабарлайды.

 

 

Жастар бір ауыздан сауық құрғаннан гөрі Әминаның сауығып кетуіне тілекші. Ізгілікті ту еткен 45 түлек және олардың ата-ана, ұстаздары емге мұқтаж қыздың үйіне барды. Әминадан 2 жыл бұрын бас миының қатерлі ісігі анықталған. Дәрігерлер сол уақытта оны емдегенімен, артынша көзі көрмей қалды. Ауруға шалдықпас бұрын оқуда озат болған қыз әлі де білім алып жүр. Мұғалімдер үйіне келіп оқытады. Түлектер 400 мың теңге беріп, «жеткіншектің қымбат тұратын ем-домына тамшыдай болсын үлес қоссақ»,-дейді.

 

 

Мәрияш Аралбаева, Әминаның әжесі:

-Оқушылардың үлкен өмірге қадам басарда осы Әминаға жардемдесеміз деп келіп отырған ниеттері қабыл болсын. Үлкен өздері қалаған оқуларға түсіп кетіп, елге елеулі, халыққа қалаулы азаматтар, мамандар болып шығуға тілектеспін.

 

Жаңа оқу жылында ата-анасы Әминаны Уфа қаласына операция жасатуға апарады. Түлектер отаның сәтті өтетініне үмітті. Сөйтіп көп ұзамай қатарластары сияқты мектепке өзі барарына сенеді.

 

 

Әлия Оңғарова, Ақшұқыр ауылы мектеп-лицейінің биылғы түлегі:

-Рамазан айында осындай сауапты іс атқарып, жақсылықпен аяқтағымыз келді мектепті. Осындай игі іс арқылы жақсылыққа жолығамыз деген үміттеміз. Әлі достарымызбен отырыстарда отырып үлгереміз деген сенімдеміз.

 

 

Бірер сағаттық думанды сауапты іске алмастырғандарына ұстаздар мен ата-аналар шексіз риза. Себебі қайырымды іс жасау үлкен адамгершіліктің белгісі,-дейді ересектер.

 

Былтыр Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылындағы мектеп түлектері тап осындай қайырымдылық іс жасаған болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему