Сұңғат Жұбатқан Европа Кубогының иегері атанды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сұңғат Жұбатқан Европа Кубогының иегері атанды

13 Июня 2017 (11:09) | 3156 | Автор: Нурганым Имашева

 

Австрия мемлекетінің Лейбниц қаласында өткізілген дзюдо күресінен жастар арасындағы Европа Кубогында облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері - 66 кг салмақты Жұбатқан Сұңғат алтын еншілесе, 55 кг салмақта Нарбаев Бауыржан қола медальді қоржынға салды.

 

Дзюдошыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңістің тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз.

 

Қазақстан жастар құрамасы Австрияның Лейбниц қаласында өткен дзюдодан Европа Кубогында 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болды. Алтыннан алқа таққан дзюдошының бірі – Маңғыстаулық спортшы Сұңғат Жұбатқан. Бұдан бұрын да түрліше әлемдік, республикалық ірі көлемдегі жарыстарда аймақтың абыройын асқақтатып жүрген жас дзюдошы Сұңғат Жұбатқан аталмыш байрақты бәсекеде Европа Кубогының иегері атанды.

 

 

Дүбірлі додада 66 келі салмақта сынға түскен спортшы бірінші айналымда 4 кездесу өткізіп, алғашында Нидерландтық Ван Дер Кольканы, одан кейін Германиялық Адам Мишельді басымдықпен жеңіп, жартылай финалда Нидерландтық Ван Дер Верфаны жеңді. Финалда Италиялық Луиджи Брудеттиден басым түсті. Осылайша, Қазақ еліне тағы бір алтынды сыйлады.

 

Сұңғат 1998 жылдың 19 мамыры күні Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында дүниеге келген. Сұңғаттың осы күнге дейінгі жетістіктері:

-2012 жыл-Азия балалары ойынының чемпионы;

-2012 жыл дзюдо және самбодан ҚР чемпионы;

-2013 жыл – самбодан ҚР чемпионы;

-2014 жыл самбодан Әлем Чемпионатында күміс мендаль;

-2014 жылы дзюдодан «Европа кубогында» қола медаль,

-2015 жыл – дзюдодан Азия чемпионы;

-2016 жыл – дзюдодан «Европа Кубогында» күміс медаль;

-2016 жыл - Азия чемпионатының қола медалі;

-2016 жыл - дзюдодан Әлем чемпионатында қола медаль;

-«Жас тұлпар-2015» Маңғыстау облыстық премиясының иегері;

-«Жыл адамы-2015» сыйлығының иегері.

 

-Сұңғат Жұбатқан Қазақ елінің туын әлемдік аренада көкке көтеріп, ел мәртебесін асқақтатып келеді. Біз де, Маңғыстау жастары, Сұңғаттың жеңістері үшін шын ризашылығымызды білдіреміз. Әркез сәттілік тілейміз!-дейді спортшының әрбір жеңісіне шынайы қуанатын жанкүйерлері.

 

Білекті балуанның Еуропа төріндегі осынау жеңісі өзге спортшыларымызға да жұғысты болғай! Қазақстанның көк байрағын биіктен желбіреткен батыр ұлдың жеңісі – спортшының күн сайынғы жаттығуларда аянбай теккен тері мен бапкерлерінің жемісті еңбегінің нәтижесі екені анық.

 

Ендеше, спорттық бәсекедегі ел абыройын асқақтатқан елеулі жеңіс құтты болсын!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему