Дау бейбіт жолмен шешілді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 18:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дау бейбіт жолмен шешілді

12 Июня 2017 (10:54) | 1791 | Автор: Мира Ботабекова

 

Сотқа талап қоюшы М.  жауапкерлер Р. мен Ж-дан  алименттер мөлшерін азайту туралы талап қою арызымен жүгініп, өзінен жауапкерлердің пайдасына кәмелетке толмаған екі баланы күтіп-бағу үшін өндірілген алименттер мөлшерін табысының және (немесе) өзге де кірісінің ½ бөлігінен 1/3 бөлігіне дейін азайтуды сұраған.

 

Алдын-ала сот отырысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртiбiмен реттеу жөніндегі келiсiмді бекітіп беруді сұрады. Аталған келісім талаптарына сай тараптар алимент төлеушінің табысының және (немесе) өзге де кірісінің ½ бөлігі көлемінде өндірілген алименттер мөлшерін 1/3 бөлікке дейін азайтуға, әр баланы күтіп-бағу үшін өндірілетін алименттер мөлшерін 1/6 бөлік мөлшерінде анықтауға келіскен.

 

Жасақталған медиациялық келісім тараптардың және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын және заңға қайшы келмейтінін ескеріп, сот аталған медиациялық келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему