Ақтауда мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадада  өрт сөндірушілер бірінші орынды иеленді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадада өрт сөндірушілер бірінші орынды иеленді

9 Июня 2017 (17:44) | 1791 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығында 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер арасында аймақтың оннан астам мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары қатысқан IV Ақтау қалалық Спартакиадасы өтті.

 

 

Бұл шара Ақтау қалалық әкімдігінің және Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Мемлекеттік қызметкерлердің спорттық сайыс орны жаңа «Маңғыстау-Арена» спорттық кешені болды.

 

Жарыс спорттың сегіз түрінен өткізілді: дойбы, шахмат, жүзу, шағын-футбол, қол күресі, гір спорты, ерлер мен әйелдер волейболы және үстел теннисі.

 

Жарыстың мақсаты - мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамда мемлекеттік органдары туралы жағымды пікір, оң көзқарас пен органдардың беделін қалыптастыру болды.

 

Жарыста жалпы сынақта 180 ұпай жинап, бірінші жүлделі орынды иеленіп, үздік атанған Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» спортшылары болды, екінші орынға Маңғыстау ауданының әкімдігі көтерілсе, ал үшінші орынға Қарақия ауданының әкімдігінің командасы ие болды.

 

Барлық жеңімпаздар кубокпен, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

Бұл жаңалықты біздің басылым сайтына Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему