Баршаның қастерлі парызы
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 14:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Баршаның қастерлі парызы

7 Июня 2017 (10:13) | 1711 | Автор: Нурганым Имашева

 

Түп тамыры тереңге тартқан сыбайлас жемқорлық атты індет бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіруде. Біздің елімізде де осы қоғамды жайлаған дертпен күрес шаралары Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап ымырасыз жүргізілуде.

 

Жемқорлықпен күрес - бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бірі-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсын да қатты алаңдатып отырғаны сөзсіз.

 

Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан зор кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынуда. Мұндай жат құбылыспен бүкіл қоғам болып жұмыла күрескен жағдайда ғана нәтиже болары анық.

 

Қазақстан Республикасының ІІМ қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментіне қарасты түзеу мекемелерінің қызметкерлері арасында аталған қоғам дертінің алдын алу шаралары ұдайы жүргізіліп келеді.

 

Осы мақсатта ҚАЖ Департаментінің «ГМ-172/10» мекемесінің басшылығы тарапынан жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықты, әкімшілік-құқық бұзушылық әрекеттерін болдырмау бағытында, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп Кодексі талаптарының бұзылуына қарсы профилактикалық іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ол үшін мекеме қызметкерлерінің білімін көтеріп, кәсіби біліктіліктерін шыңдауға зор мән беріліп отырады. Мұндай игі шаралардың өз нәтижесін беріп отырғаны күнделікті қызмет барысында анық байқалуда.

 

«Жемқорлыққа қарсы күресу – жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз»,- деген еді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

 

Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індет – сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – әрбір азаматтың міндеті болуы тиіс.

 

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің 

«ГМ-172/10» мекемесінің жедел бөлім бастығы әділет майоры Сәбит Сапарбайұлы Сансызбаев

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему