Ақтауда «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 16:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті

3 Июня 2017 (10:04) | 2997 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының ұйымдастыруымен 1маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы өнер фестивалі өтті.

 

 

Фестивальға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы З.Есбергенова, Маңғыстау облысының білім басқармасының бастығы З.Тастемірова, «Өрлеу» білім арттыру Ұлттық орталығы (БАҰО)» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институтының (ПҚ БАИ) директоры И.Жұмағалиева және ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы, тренер А.Жұмабаева, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары, Маңғыстау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Бәйімбетова, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері (150 бала), ата-аналар қатысты.

 

 

Бұл туралы жаңалықты біздің басылым сайтына жолдаған «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы, тренер Ақбілек Қошқарбайқызы Жұмабаева:

 

 

-Фестивальдің мақсаты – мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің шығармашылық потенциалын көрсету, талантты, патриот тұлғаларды тәрбиелеу, қабілетті балаларды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру.

 

Фестивальға әр аудан, қаладан ең дарынды, үздік жеңімпаз аталған 150 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері қатысты.

 

Өнер көрсеткен әрбір бүлдіршінге мерекелік сыйлықтар тапсырылды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры И.Жұмағалиева фестивальға қатысушы жеңімпаз бүлдіршіндерді дайындаған әр аудан, қаладан келген мектепке дейінгі мекеме мамандарына «Алғыс хат» табыстады, -дейді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему