Түпқараған ауданының Таушық ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 19:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқараған ауданының Таушық ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

2 Июня 2017 (18:04) | 3479 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды.

 

Өртке қарсы бекетінің қорғауына 3 мың адам тұрғыны бар Таушық селосы және оған қарасты далалық массив қарайды.

 

Аталған бекет Маңғыстау облысында құрылғандар бойынша 2-ші болып келеді. Осындай бекет Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр селосында жұмыс жасауда.

 

Бекеттің штаттық саны 4 адамды құрайды. Құрылған өрт құрылымы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментімен киім-кешекпен және техникалық тұрғыда жұмысқа жарамды өртке қарсы жиынтықпен жабдықталды.

 

«ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің Кәсіпкерлік дайындық мектебінің оқытушы құрамы 3 өрт сөндіруші және 1 ерікті өрт құрылымының жүргізушісін 40-сағаттық бағдарламада оқытты.

 

Өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанатына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Манарбек Хамидоллаұлы Мұханбетов, Таушық ауылының әкімі Ш.Әзірбай, сондай ақ елді мекен тұрғындары, ардагерлері, БАҚ өкілдері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

 

Жиналғандарды құттықтай отырып, полковник М.Мұханбетов жаңа өрт сөндіру бекетін ашуға мүмкіндік берген Таушық ауылының әкімі Ш.Әзірбаевқа алғысын білдірді. Бұл бекет Таушық селосының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтереді деп атап өтті.

 

Ескерте кетейік, бұл бекет ҚР-ның 2014 жылғы 11 сәуіріндегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 15 бабы 2 тармағына, ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 11 ақпанындағы №107 бұйрығына, ҚР-ның ІІМ-нің 2014 жылғы 30 қазанындағы №746 бұйрығына, сонымен қатар дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртті сөндіру бойынша Маңғыстау обысы әкімінің төрағалығымен 2016 жылғы 25 мамырдағы және 30 қыркүйектегі өткізілген облыстық Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия отырыстарының шешімдеріне сәйкес құрылған.

 

Осынау жағымды жаңалықты біздің басылымға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему