Қазақстан мина жойғыш кемеге қол жеткізді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 03:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақстан мина жойғыш кемеге қол жеткізді

1 Июня 2017 (17:58) | 2428 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Қазақстанның әскери теңіз күштері алғаш рет мина жойғыш кемеге қол жеткізді. Ресейдің Санк-Петербордағы кеме зауытында арнайы тапсырыспен жасалған қуатты су көлігін бүгін әскерилер Ақтау теңіз портында салтанатты түрде қарсы алды. «Алатау» атты бұл кеменің қуаты 3 мың аттың күшіне тең. Ол Каспий теңізіндегі еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылғыш жаттарды табу және жою бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын болады.

 

 

Еліміздің әскери теңіз күштері тағы бір қуатты кемемен толықты. Бірнеше ай Балтық теңізінде сынақтан өткен мина жарғыш кеме бүгін Ақтау теңіз портына табан тіреді. Кеменің жауынгерлік туы салтанатты жағдайда көкке көтеріліп, ресми түрде қызметке кірісті. Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, әскерилерді айтулы оқиғамен құттықтады.

 

 

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-Бұл біздің тәуелсіздігіміздің нығаюының туы көтерілді деп қабылдауымызға болады. Бұл біздің ерлігіміздің, бірлігіміздің туының көтерілуі деп айтуға толықтай негіз бар. Олай болса, бүкіл теңіз әскери күштерінің бүкіл офицерлеріне, бүкіл матростарына, жеке құрамға еліміздің шекарасын, тәуелсіздігін нығайтуға қосып жатқан еңбектері үшін алғысымызды айтамыз. Жаңа кеменің келуімен құттықтаймыз.

 

 

«Алатау» кемесі қуатты қару-жарақтармен және озық үлгідегі байланыс құралдарымен жабдықталған. Ашық теңізде 10 тәулікке дейін жүре алады. 3 мың аттың күшіндей қуаты бар. Жауынгерлік кеме өз қызметін алдымен Каспийдегі теңіз порттары, мұнай кен орындары сияқты стратегиялық маңызы бар нысандарды тексеруден бастамақ.

 

 

ӘДІЛЕТ БАҒДАБАЕВ, «АЛАТАУ» КЕМЕСІ КОМАНДИРІНІҢ КӨМЕКШІСІ:

-Мұның бортында су асты аппараты бар. Оны корабльден басқарып отырады. Әуелі оны анықтап білу керек, минаның жатқан жерін анықтау керек ,содан кейін минаға ұқсайтын нысан ба, мина ма әлде мина емес па соны біледі. Содан кейін барып жоятын қаруды жібереді.

 

 

Кеме экипажы сайдың тасындай іріктелген 22 әскериден тұрады. Олар бір жыл бойы шетелде білім алып, тәжірибе жинақтады. Енді алғашқы мина жарғыш кемеде қызмет етуге тас-түйін дайын.

 

Қазақстан флотының әлеуеті күн санап артып келеді. Алдағы айларда тағы бір су жаңа әскери кеме қатарға қосылады. Елімізде жасалған «Маңғыстау» кемесі қазір сынақтан өтуде.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему