Шомылуға қауіпті аймақтар белгіленді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 17:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шомылуға қауіпті аймақтар белгіленді

31 Мая 2017 (18:27) | 1922 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстауда 25-ші мамырдан суға түсу маусымы басталды. Осыған орай жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы баспасөз мәжілісін өткізіп, шомылуға қауіпті аймақтардың белгіленгендігі жөнінде хабарлады.

 

 

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Жедел-құтқару жасағының жеке құрамдағы жалпы саны 56 адамнан тұратын төрт жедел-құтқару бөлімшелері бар: Ақтау қаласында, Форт-Шевченко қаласында, Құрық ауылында және Кендерлі демалыс аймағында.

Облыс аумағында жазғы мезгілде шомылуға арналған Каспий теңізінің 30 жағалау аймағы бар, бұлар - 3 жағалау аймағы, 5 балалар алауы, 22 демалыс базалары.

 

 

Қолда бар деректер бойынша, қазіргі уақытта жағалау аймақтары, балалар алаулары мен демалыс базаларының есебінде 27 қайық, 18 құтқарушы, 22 медициналық қызметкер, 8 шолу мұнарасы, 214 құтқару құралдары (жилет, құтқару шеңбері, Александров шегі, т.б.) бар.

 

Шомылуға ең қатерлі учаскелер анықталып, белгіленген, олар: Ақтау қаласынан 43 км қашықтықтағы С.Шапағатов ауылы аумағындағы «ШОРА» су каналы және Ақтау қаласының жағалауындағы, 15-шағынаудандағы «Айдын» дәмханасынан бастап 1-шағынаудандағы «Шағала» сауықтыру орталығына дейінгі жабдықталмаған жерлер, сондай-ақ Түпқараған, Қарақия аудандарындағы теңіз жағалау аймақтары.

2017 жылдың өткен аралығында Төтенше жағдайлар Департаменті «Жедел құтқару жасағы» ММ күшімен 61 шығу (2016 ж. - 14), авариялық құтқару жұмыстары 41% өсті.

 

Жүргізілген талдауға сүйенсек, судағы барлық төтенше жағдайлар қауіпсіздік шараларының сақталмауынан орын алған.

 

Судағы адам өлімінің негізгі себептеріне:

- су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде шомылу, судағ,ы қаіпсіздік талаптарын ұстанбау;

- балалардың (12 жасқа дейін)үлкендердің қарауынсыз су айдындары маңында болуы

- балық аулау кезінде арнайы талаптардың орындалмауы жатады.

 

Жыл басынан бері облыстың барлық мектептері мен оқу орындарында облыс су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы 390 оқушыны қамтыған 13 дәріс ұйымдастырылып, оқылды (2016 жылы - 1755 оқушыны қамтып 75 дәріс оқылды),7008 оқушыны қамтыған онлайн режиміндегі 6интерактивті сабақ өткізілді (2016 жылы-81 мектепте 11686 оқушыны қамтып 9 сабақ өткізілді),радиода 4 рет сөз сөйленді (2016 жылы – 22), теледидарда 4 хабар ұйымдастырылып (2016 жылы-4), жергілікті баспа басылымдарында 11 мақала жарияланды (2016 жылы – 10 мақала).

 

2017 жылы қалалық және аудандық акиматтарымен бірлесіпжағалау аймақтарында ескерту сипатындағы 8 тыйым салу белгісі және аталған тақырыпқа арналған, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің статистикалық деректері көрсетілген 18 билборд орнатылды.

 

 

Балаларды суда жүзуге үйрету үшін балалар алауларында «Жазғы кезеңде су айдындарында демалу кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбына конкурстар, викториналар, жарыстар өткізілді. 2016 жылы 1671 бала жүзіп үйренді, 2017 жылдың жазғы мезгілінде осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

 

Жыл сайын суда қауіпсіздік шараларының алдын алу міндеттерін орындау үшін халықты еңбекпен қамту орталығынан қоғамдық-ерікті дружинаның 2016 жылы 32 адам

 

бөлінді. 2016 жылы ерікті құтқарушылар көмегімен (Пернебаев Ф.Н. және Маметов Ю.Ю.) 2 адам судан құтқарылды, ерікті құтқарушылар марапатталды және бағалы сыйлықтар берілді.

 

Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, қауіпті учаскелерде патрульдеу кестесі әзірленді, онда адамдардың теңізде көп жиналып, демалатын жерлерінде жүйелі түрде рейд жүргізіліп, демалушылардың шомылатын қоғамдық орындарда өздерін ұстау ережесін бұзуына жол бермеу шаралары қаралды (спиртты сусындар ішуге тыйым салу), жағалау аймақтарында рұқсат етілмеген жерлерде щомылуға тыйым салуды қамтамасыз ете отырып, қауіпті учаскелерде кезекшілік кестесіне сай құтқару бекеттері ұйымдастырылды;

 

Қала және аудан әкімдіктерімен Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия отырыстары өткізілді. Ақтау қаласы әкімдігінің отырысының қорытындысы бойынша суға шомылу маусмының ашылуы 25 мамырдан басталатын болып шешілді.(таңертеңгі 6.00-ден кешкі 20.00-ге дейін)

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему