Бітімге келтіру – атадан қалған асыл мұра
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бітімге келтіру – атадан қалған асыл мұра

31 Мая 2017 (17:23) | 2016 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облыстық сотында «Бітімге келтіру – атадан қалған асыл мұра» атты тақырыпта семинар өткізілді. Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев, татуластыру рәсімдері бойынша ұйлестіруші судья Г.Иманғалиева, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, адвокаттар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Семинар барысында «Медиация туралы» Заңының қолдану аясын кеңейту, қазіргі заң талабына сәйкес, сот процесіндегі медиациялық бітімгершіліктің рөлі талқыланып, халық арасында осы заңның талаптарын түсіндіру бағытындағы жұмыстарды жандандыруға қатысты нақты ұсыныстар айтылды.

 

Отырысты аша келе, Е.Қарабаев дауларды шешудің баламалы әдістерін дамыту сот жүктемесін оңтайландырудың пәрменді тәсілі екендігін айтып, сот төрелігінің сапасын арттыруға және азаматтардың сот қорғауына құқықтарының сенімді кепілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді. Сондай-ақ, ол жаңа Азаматтық процестік кодекс медиация тәсілін қолдана отырып, татуластырушы судьяның жәрдемімен не медиатордың көмегімен, тараптардың адвокаттарының жәрдемімен дауларды реттеуді көздейтін партисипативтік рәсіммен тараптарды татуластыруға арналған мүмкіндікті айтарлықтай ұлғайтқандығына тоқталды.

 

 

Татуластыру рәсімдері бойынша судья Г.Иманғалиева сот ісін жүргізудегі даулардың жеке санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу жөніндегі пилоттық жоба туралы қатысушыларға хабарлады. Аталған жоба азаматтық істерді қарайтын ювенальды, экономикалық, аудандық және оларға теңестірілген соттарда іске асырылуда.

 

Сондай-ақ, іс-шарада Маңғыстау аудандық сотының судьясы, баяндамашы С.Бердібеков қазақ халқының ұмытыла бастаған жақсы салт-дәстүрін қалпына келтіру бағытындағы игі қадам заманауи әлемдегі медиация туралы, 100 пайыз қазақ ұлты шоғырланған Маңғыстау ауданында ауыл билері мен ақсақалдары кәсіби емес медиаторлардың қызметін бұған дейін де атқарып келгендіктен, медиативтік келісімге келу жергілікті халық үшін таңсық дүние емес екенін тілге тиек етті.

 

 

Қылмыстық істер қарайтын судьялар кәсібі немесе кәсіби емес медиаторлардың көмегімен өңірде кінәлі адам мен жәбірленуші татуласқандарынын негізінде ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс істердің недәуір саны бойынша іс өндірісі қысқартылғаны туралы атап өтті.

 

Аталған санаттағы қылмыстық істердің сот ісін қарау денгейіне жеткенін тараптардың медиация институты туралы беймәлім болғанын көрсетеді.

 

Соңдықтанда, Е.Қарабаев қатысушыларды ағайын арасындағы татулықты сақтауға негізделген, тараптардың уақытын үнемдеуге жағдай туғызып, қаржысын шашпауына мүмкіндік беретін «Медиация туралы» Заңның қолданысын кеңейтіп, насихаттау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему