Ақтаулық прокурорлар мереке қарсаңында балғындарға  шаттық сыйлады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 12:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық прокурорлар мереке қарсаңында балғындарға шаттық сыйлады

31 Мая 2017 (16:58) | 1797 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Балаларды қорғау күніне орай, Ақтау қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен, 2017 жылы мамырдың 29-нда облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналып қайырымдылық шарасы өткізілді.

 

 

Жыл сайын осынау мереке қарсаңында балғындарды қуантуды дәстүрге айналдырған қалалық прокуратураның қызметкерлері биыл да сол әдеттерінен жаңылған жоқ. Құқыққорғау саласының қауырт тірлігі, жұмысбасты болуларына қарамастан, сәбилерге қуаныш сыйлауды өздеріне міндет санайтын прокурорлар балғындарға арналған сыйлықтарын құшақтап, Ақтау қаласының 17-ші шағынауданында орналасқан отбасылық үлгідегі балалар ауылына келді.

 

 

Прокуратура қызметкерлері тағдыр тәлкегімен ата-аналарының қамқорлығына, аялы алақаны мен ыстық құшағына зәру болып өсіп жатқан балалар ауылындағы өрендердің мейірімге кенде болмай, ізгі қасиеттерді бойына сіңіріп өсуіне, балалық шақтарының шаттыққа толы, алаңсыз болуына өз үлестерін қосуды парыздары санайтынын айтты.

 

 

Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы прокурорлардың арасында ерекше белсенділік танытқан Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Айнұр Жөнелбек:

 

- Біздің бұл акцияны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - ел ертеңі, жас ұрпақтың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, бір-біріне деген жанашырлық сияқты адамгершілік қасиеттердің, жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал ету. Тағдырдың жазуымен ата-анасының қамқорлығын, жан жылуын, мейірімін сезіне алмай өсіп жатқан балаларды кинотеатрға алып барып, сүйікті кинофильмдерін көрсетіп, дәмханаға апарып, өздері жақсы көретін тәттілерін жегізіп, қуантуға, мерекені сезіндіруге тырыстық.

 

 

Балалар - біздің болашағымыз. Күні ертең-ақ олардың әрқайсысы қоғамымыздың белсенді азаматы болары анық. Ал олардың қандай тәлім-тәрбие алып, айналасындағы ересектерден қандай үлгі-өнеге алатыны қоғамның әрбір азаматын ойландыруы тиіс.

 

 

Жыл сайын 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай осындай акцияны ұйымдастырған кезде біздің Ақтау қаласы прокуратурасының ұжымы ел ертеңі болар балалардың балалық шағының – бақытты, келешегінің - жарқын, алаңсыз болуына өз үлестерін қосуды парызы санайды.

 

 

Жалпы, тек бұл мерекеде ғана емес, біз - құқыққорғау органы ретінде балалардың құқығының қорғалуына әркез үлкен мән береміз, қоғамда балаларға қатысты заңсыз әрекеттердің орын алмауын жіті бақылауда ұстаймыз,-деп мәлімдеді.

 

 

Шара барысында балалар үшін кинотеатрда фильм көру ұйымдастырылып, одан кейін балғындар дәмханада тамақтандырылды.

 

 

Прокурор аға-апаларының қамқорлықтарына риза болған бүлдіршіндер мен жасөспірімдер оларға шексіз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

 

Өмірде сәбилердің қуанышты сәттерін, ересектерге сенген риясыз, пәк көңілін, шаттыққа бөленіп, бал-бұл жанған бақытты жүздерін көруден, сыңғырлаған күміс күлкісін естуден асқан бақыт жоқ шығар, сірә?!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему